Сахара шөлінде екінші жыл қатарынан қар жауды, – деп хабарлайды желілік алжир газеті TSA.
Қар Алжир қаласы Айн-Сафрада жексенбі күні таңертең басталған. Қардың түсу деңгейі 40 см-ге дейін жетіп, күннің соңына қарай ери бастаған.
Дәл осындай қалың жауған қар өткен жылы да Айн-Сафра қаласын басып қалған. Бұл өлкеге қар ең бірінші рет 1979 жылдың ақпан айында түскен екен.
Жаз мезгілінде Айн-Сафра ауданында ауа температурасы 37^ Цельсий градусты көрсетсе, қыста температура көрсеткіші 0^ градус шамасында болып тұрады.
Айта кетейік, Сахара шөлі – 9 000 000 шаршы км аумақты қамтитын әлемдегі ең үлкен шөл. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр.
Қайролданова Назерке
zheruiyq.kz