Nokia-ның бас директоры Раджив Сури компанияда жасалып жатқан «білезік» туралы ақпаратымен бөлісті. Нанотехнологияның ерекшелігі –адам денесіндегі қатерлі рак ауруының пайда болуын бірнеше ай бұрын болжай алатындығында. Бұл туралы бизнесмен Довостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумда хабарлады.
Швейцариядағы экономикалық форумда сөйлеген Сури, медицина болашағын, соның ішінде портативті сканерлерді, 5G коммуникацияларын және телемедицина туралы көзқарасымен бөлісті.
«Бұл технологиялық әдіс арқылы ауруға жол берілмейді және біз биомаркерлердің көмегімен онкологиялық аурулардың пайда болуына бірнеше ай қалғанда болжай аламыз деген ойдамыз. Қатерлі дертпен ауыратын науқас үшін әрбір күн де маңызды », – деді ол.
Компанияның бас директорының пікірінше, қандағы холестеринді, қантты және сүт қышқылы сияқты белгілі бір ақпаратты сканерлейтін білезік әзірше әзірленуде. Кәсіпкердің айтуынша, бұл дәрігердің қарауындағы «бос орынды толтырады» және дәрігерлерге пациенттің деректеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Сури мырза 5G-байланысының пайда болуымен әлемде қашықтықтағы хирургияның пайда болатынына сенім білдірді. Өйткені, ақпарат алмасу барысында ешқандай кідіріс болмайды дейді ол.
Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік экономикалық форум 23-26 қаңтар аралығында Давос қаласында өтті.