Дүйсенбі, Қыркүйек 3, 2018
Негізгі > Руханият > Ақсуатта мешіт ашылып, аламан айтыс өтті

Ақсуатта мешіт ашылып, аламан айтыс өтті

22666Тарбағатайда тағы бір қуаныш. Өткенде ғана тарихына тағызым етіп, баба рухын той жасап, ат шаптырып ұлықтаған жұрт енді міне, келер ұрпақтың қамы үшін қақ орталықтан, Ақсуат ауылынан екінші мешіттің мұнарасын менмұндалатты. Жәй ғана ашыла салған жоқ, соған орай Республикалық аламан айтыс ұйымдастырды,-деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі.

«Туған жерге туыңды тік» тақырыбындағы бұл айтыстың тізгінін   Жүрсін Ерман ұстады. Айтысқа  Рүстем Қайыртайұлы, Серікзат Дүйсенғазин, Сара Тоқтамысова, Серік Қалиев, Дидар Хамит, Мұхтар Ниязов, Дәурен Сембай, Мақсат Ақанов, Аспанбек Шұғатаев, Қалижан Білдаш сынды ел аузында жүрген елеулі ақындар қатысты.

Бас жүлдені шымкенттік Қалижан Білдәш иеленсе, бірінші орын тарбағатайлық  Серік Қалиевқа бұйырды. Ал,  баянауылдық Аспанбек Шұғатаев екінші орынды, Сара Тоқтамысқызы үшінші орынды қанағат тұтты.

Арқаның ақыны Мақсат Ақанов, Сыр сүлейлерінің сарқыты Мұхтар Ниязов арнайы жүлдемен марапатталды.

Белгілі журналистер Бауыржан Жақып, Берік Уәли, Еркін Жаппас  және де ақын Дәулеткерей Кәпұлы  айтысқа әділқазылық жасады.

Айтыста ел мен жердің тарихы, батыр бабалардың ерлігі ұлықталды. Күн санап көркейіп келе жатқан аудан өмірі сабақталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақсуатта ашылған бұл «Ақсуат» мешітінің және айтыстың негізгі қаржылық сүйемелдеушілері белгілі кәсіпкерлер Тастекеевтер әулеті.

13775932_1136904309714877_2974035100408500909_n
“Ақсуат” мешітінің сыртқы көрінісі
0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation