Бейсенбі, Маусым 21, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Алаш партиясының 100 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтпек

Алаш партиясының 100 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтпек

Келесі жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл – Ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Осыған орай биылғы жылдың қазан айында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттары Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, «қазақ халқының бостандығы үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлерін лайықты ұлықтауға арналған танымдық іс-шаралар белгілеп, іске асыруды» ұсынған еді.

Үкімет басшысы осынау маңызды мәселеге байланысты депутаттарға жауап берді.

Онда Алаш арыстарын есте қалдыру мақсатында бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқанын айта келіп, «2017 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдар жалпыхалықтық тарихи мәні бар аталған оқиғаның 100 жылдығы аясында республикалық деңгейде бірқатар мерейтойлық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәдениет және спорт министрлігіне  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2017 жылы Алаш партиясының  құрылуының 100 толуы аясында іс-шаралар кешенін өткізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды» делінген.

«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.

“Ұлт ақпарат”

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation