Сенбі, Тамыз 11, 2018
Негізгі > Тарих > Құнанбайды қағбада “хан көтерген” кім?

Құнанбайды қағбада “хан көтерген” кім?

Тақырып: Құнанбайды қағбада "хан көтерген" кім?

Мақала мәтіні:
Құнанбай мен Ызғұтты тарихтан қатар орын алса, артық емес. Бұрын Құнанбай Өскенбаевті мадақтаудың орнына, ылғи жағымсыз бейне етіп көрсетіп келген әдебиет сүйер қауым енді ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесіне дайындық кезінде, одан кейін де Құнанбай тақырыбына қалам сермеуді көбейтіп отыр. Өйткені, Абайды ұлы дана дәрежесіне жеткізген Құнанбай екені даусыз. Құнанбай от ауызды, орақ тілді шешен, қайратты, өжет тілімен атағы елге жайылған ірі тұлға.

Құнанбай біздің Тоқабай еліне, оның ішінде Бәйел баласы Нұран бай ауылына туған құда. Оның Тайбала атты қарындасына Нұран бай құда түсіп, өзінің туған ұлы Сақауға үйлендіреді.

Мақаламыз дәлелді болуы үшін бұрынғы «Екпін» колхозының тұрғыны, қарт шежіреші Қожықов Күшебай ақсақалдан 1949 жылы 1 қазанда жазып алған шежіреден үзінді келтірейін:

«Бәйел атаның ең үлкені Нұран – шіріген бай болды. Оның өз кіндігінен 9 ұл туды. Өз меншігінде ғана 15 отар қой, мыңға тарта жылқы болды. Менің өз әкем Қожық Нұран байдың малшы-жалшысы болды. Оның қыс қыстауы Тарбағатай тауындағы жылы тауда. Нұран көп малды саудалап Қарамолдадағы жәрмеңкеге жылма-жыл барып тұрған.

Сол бір барғанында ар жақта Тобықты елінің байы Құнанбаймен достасады. Екеуі ақсарбас айтып, қолдарын қанға малып отырып, құдандалы боламыз деп серттеседі. Сол серттері бойынша Нұран бай Тайбаланы Сақауға құда үсіп, алып береді. Ол кездің салты бойынша Тайбаланың қалың малына ыңғай тобылғы түсті торы жылқыдан 10 айғыр үйір жылқы, 2 отар еркек қой береді.

Қүнанбай да әлсіз адам емес, Тайбаланы ұзатқанда он атан түйе жасау-жабдығымен, дүние мүлкін, оған қоса қарындасына арнап жасатқан шаңырақ, уықтарын  күмістеткен  киіз үйді қоса берген. Тайбаланы құда түсіп айттырып үйлендірген соң бір жылдан кейін Шибай атты ұл табады. Құнанбай құдасына қонаққа келіп жатып, жас Шибайдың жүріс-тұрысына риза болып, үш жаста Шибайды өзіме бала етіп аламын деп алып кетеді. Шибайды алып барған соң Құнанбай үлкен той жасап, ат шаптырып, ойын-сауық өткізіп, баланың атын ізі-жолы құтты болсын деп Ызғұтты қояды. Қүнанбай құдасы Нұран байға келгенде салт атпен емес, күймелі трашмөңкемен келеді. Аягөздің үстін басып ылғи кенере жолмен жүрген.

Келер жолында алдымен жолшыбай Шәкі бидің ауылында болады. Сол арада Құнанбайды Тана мырза, Нұран бай, елдің басқа да игі жақсылары қарсы алады. Одан Шәкі бидің ауылынан шығып Ащылының күнгейіндегі Тана мырзаның ауылында болады. Ол тауды Тана мырзаның қызылы дейді. Тана мырза мен Қоқаш қажыларда бірнеше күн болған Қүнанбай Тарбағатай бөктерінің жылы тау аталатын қонысындағы Нұранның ауылына келген. Сол жерде бүкіл Жолымбеттің игі жақсылары бас қосып, Қүнанбайдың келу құрметіне үлкен той жасап, ойын-сауық, ат жарысы, бәйге, көкпар, ақ сүйек, күрес сияқты ойын-сауыққа ұласқан. Құдасында жиырма шақты күн болған Құнанбай зайыбы мен Шибайды алып еліне қайтқан.

Ызғұтты ер жетеді, оны үйлендіреді, өз алдына отау етіп еншісін бөліп беріп, жеке ауыл етіп шығарады. Ызғұтты - балалы-шағалы болады. Оның бірінші бәйбішесінен Дәуітбек, Мұхаметбек атты екі ұл туады.

Екінші бәйбішесінен Дүкенбек, Орынбек, Түсіпбек, Қажықайдар төртеуі туады. Кенжесі - Қажықайдар өте пысық болады», - деп сөзін аяқтаған еді.

Сол шежіре қарттың айтуы бойынша Дәуітбектен Жанұзақ туған, бертінде Қ. Сәтбаев атындағы совхозда қайтыс болды. Дүкенбектен Қареке, Көбей туған. Қазір екеуі де Көкпекті ауданының «Большевик» совхозында тұрады.

Орынбектен Далба, Байпа, Шаймұрат, Ташмұрат туған, балалары Көкпекті жерінде. Түсіпбектен бала болмаған.

Кейбір қаламгерлер Тайбаланы құда түсіп алады дегені бекер, Тайбала өзі іздеп келіп, Сақауға үйленген деп те жазып жүр, ол негізінен дұрыс пікір емес. Одан кейін Ызғұттының шын аты Шибай емес, Бақытбек екен деп көкпектілік жерлесіміз Қалихан Алтынбаев та жазып еді. Ол да қате пікір. Өйткені, ол заманда «Бақытбек» деген есімді ешкім қоймаған. Ескі жазбаларда, ел аузында ондай атаулар кездеспейді. Бақытбек деген атау кейінде ХХ ғасырдың орта шенінен пайда болған есімдер екенін әдебиеттен кездестіреміз.

Ал оның есімі Шибай қойылуы «Қараоба» деген жерде күзде қараша кезінде дүниеге келген. Сол кезде Қараобада түйе көрінбейтін болып ши қатты өскен. Сол себепті оның есімін Шибай деп қойған деп үлкендер айтатын еді. Сол жорамал дұрыс сияқты.

Тайбала анамыз намысшыл, қасиетті адам болған. Бүкіл Тоқабай елі төбесіне көтерген, ел билігіне араласқан адам болған. Ол арабша оқып, хат таныған сауатты болған. Тоқабай елі Тайбаланы «Молда апа» деп атап кеткен. Сол «молда апа» деген сөзімізді бекіту үшін мына бір ауыз өлеңмен дәйек келтіре кеткенді жөн көрдім:

Үлкені Ызғұттының Дәуітбекке,

Бір күнде дәмі тартып шыққан шетке,

Солем де Шәкерімге, нагашымыз,

Бәріміз «Молла ананың баласымыз», —

Деген Мұхаметжанның өлеңмен Шәкәрімге айтқан сәлемі осылай еді.

Мұхаметжан  - Сақаудың үлкен ұлы. Ал Мұхаметжаннан Жағыпар, Жұмаділдер туады. Жағыпар Мұхаметжановты әдеби қауымның егде қаламгерлері білуі мүмкін. Өйткені, ол өте зерек шежіре адам еді. Москвада «Известия» газетінде көп жыл қызмет еткен. Атақты «Шыңғысқан» романын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен қоса Лениннің, Сталинның шығармаларын да қазақшалауға белсене араласқандар қатарынан еді. Ал Ызғұтты мен Тайбала жөнінде бертінде қайтыс болған қандас туысым Шегедеков Салық та көп айтушы еді.

Ызғұтты – алғыр, батыр, көреген өте пысық болып өседі. Әрхам Кәкітай ұлының естелігінде оның алғырлығы мен өжеттігі былайша айтылады.

«Майбасардың байланғанын Құнанбай сол түнде естіп, тұс-тұсқа шапқыласып жасақ жияды. Көп қол, қару-жарақпен Жігітек жаққа жүреміз деп тұрғанда, Мұсақұлға келген көш көп кісіні көреді. Жау жақыннан шыққан соң қамданып отырған көп қол тұра шабады. Жігітек қолы да бұған қарсы шауып айқасқанда Жігітек, Көтібақ жақтан бес-алты адам сойылға жығылады. Соның ішінде Бұшар байдың баласы Қаракеннің мұрнын құнанбайдың асыранды інісі Ызғұтты айбалтамен шауып түсіреді. Қаны аспанға шашылып, өкіре жылаған Қаракені көрген Көтібақ Жігітек «ой, бауырымдап» шабысқанда, Ызғұтты аттан қарғып түсіп, Қаракені қасындағы кісінің алдына өңгеріп беріп, өз кісілеріне қашпа-қашпалап тоқтатады.

Кісіміз өлі деп ойлаған Жігітек, Көтібақтар қолы иіріліп тұрып қалады, қайта шаба алмайды. Сол арада хабар жетіп Бөкеншінің адамдары келіп, ара-ағайын болып, ортаға кірісіп, Майбасарды үйіне қайтарып, Қаракені және басқа да қолға түскендерді босаттырып, Жігітектің көшін кейін қайтарып, өзіне тиісті құдалықтарына қондырады.

Бұл шайқастан Құнанбай құтылмайды. Бұрын Жігітектің ұрдымжық батырсымақтары «Айдостың орнын біреуіміз-ақ аламыз»-деп күпілдесетін. Енді мына соғысқа Ырғызбай жігіттері – Ызғұтты, Төлепберген, Елеусіз, Нұрмағанбет, Торғайдан – Сүлеймен, Бестесбай, Топайдан – Сарыбай, Матақ сықылды жасөспірімдер шығып, Жігітек пен Көтібақтың батырларын ұрып жығып, беттетпей қуып тастап отырады. Бұдан былай Айдосқа қолын жұмсауға батылы бармайтын болды. Екіншіден, көптен таласта жүрген Мұсақұл өз пайдасына шешілді, Жігітек жағы қона алмады.

Құнанбай енді Олжай ішін тыныштандыру керек деп біліп, содырлы Майбасарды орнынан алып, оның кандидаты осы жолы ара ағайындық сақтаған Бөкенші Сүйіндікке болыстық жұмысын алып берді. Сонымен ел ортасын жайғадым деп жайбарақаттыққа түседі.

Ызғұттының осындай ерлігіне, қайсарлығына риза болған Құнанбай Өскенбайұлы оны қасына ертіп, Меккеге 1874 жылы жолға шыққан. Арада атпен жүрген, шөлді аймақта түйе мінген. Содан Қара теңіз жағалауына жеткенше көліктің неше алуан түрлерін пайдаланған. Қара теңізде кемеге отырып, бірнеше күнде Қызыл теңізден барып шыққан. Теңіз жағалауындағы Жидда қаласына түсіп, хажылар тобы одан әрі түйелі керуенге ілескен. Сөйтіп, құрбан айты қарсаңында қасиетті орынға барып жеткен ғой.

Осыншама ұзақ жолдың азабына, арабтың тас балқытар ыстық күніне, кез келген сәтте лап ете түсетін оба, іш ауруларына қарсы тәуекел етіп, төтеп беру жасы жетпіске келген адамға оңай болып па?! Осы тұрғыдан ескерсек, Құнекең мен Ызғұттының сол сапары үлкен ерлікке пара-пар, тарихи сапар деуге болады. Құнекең осы сапарда жыл жарым жүріп қайтқан. Кешеуілдеген себебі, Мекке қаласынан қазақ қажылары түсетін Тәкия (жатақхана) салдырған. Мұның өзі дін жолында пұлды аямайтын нағыз жомарттық және сауап, адамдар үшін шын жанашырлық, жақсылық еді. Құнекеңнің сол сапарында өкіл інісі Ызғұттының үлкен азаматтық көрсеткенін айту орынды.

Бірінші күні Қағбаны жеті айналып, қабырғаға қойылған қасиетті «Қара тасты» сүйіп барып, ішке кіреді екен. Сол күні Құнекеңнің аяқ астынан ыстығы асып, өз аяғынан жүруге шамасы келмей қалғаны, ауру адамды емханадағы шырақшы ішке кіргізбейді. Енді қайтпек керек, Ызғұтты дереу алпамсадай Құнекеңді екі аяғын мойынына асылдыра иығына балаша көтеріп қондырады да Қағбаны жеті айналады. Қасиетті тасты сүйеді. Енді ішке кірейін десе шырақшы бөгет болады. Адамның адамға мінгесуі оған да жат көрінсе керек.

Ызғұтты бұған да айла тапқан. Шырақшының алақанына алтын сүмбіні сүңгітіп жібереді де: «бұл кісі біздің ханымыз, ханның аяғын жерге тигізуге заң жоқ» деп сөйлеп кетеді. Әрі ақша беріп, тілмәш арқылы түсіндіреді. Бұған сенген шырақшы ішке оларды кіргізіпті. Ертеңінде құдай қуат беріп, Құнекеңнің денсаулығы түзеле бастапты.

Мекке сапарынан Құнекең «Үлкен қажы», Ызғұтты «Кіші қажы» атанып қайтыпты.

Ызғұтты Ақшоқы қыстауында Құнанбай зиратының жанына бөлек жерленген. Құнекең екеуінің қажыдан қайтқан жылында туған баласының есімі Қажықайдар. Бұл баласы 1953 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында тұрған екен.

Ал Қажықайдардан туған Қабдымұрат ақсақал әлі тірі. Көкпектінің «Большевик» совхозында тұрады. Құнанбай Шәкі бимен қатты араласқан, дос болған. Шәкі би де осал адам болмаған, оның өзіндік көріпкелдігі, әулиелігі де болған. Ол Тобықты еліне барған бір сапарында өзінің науқастанып жүргенін Құнанбайға наз ретінде шағынып айтады. Сонда Құнанбай ел арасы алыс, сен ол дүниелік болсаң, мен оны қалай естимін дейді. Сонда Шәкі би «Мен қайтыс болған күні азан да ауылыңның үстінен алты аққау қиқулап ұшып өтеді», -дейді.

Жазға салымғы уақыт болса керек, Құнанбай ерте азанда дәретке шықса, күн шыұпай ауылының үстінен алты аққу қиқулап ұшады. Құнанбай – «Шәкі би о дүниелік болған екен» деп дереу жолға шығып, Шәкі бидің ауылына келсе, Шәкі биді жаңа арулап шығарғалы жатыр екен, дер кезінде келген Құнекең топырақ салыпты,-деседі ел аузында қалған әңгімелерде.

Тана мырзамен де Құнанбай құдандалы болған ғой. Тана мырзаның ауылынан Абайға Қаламқас атты қызды айттырып әперген деседі. Тана мырзамен қатты қалжыңдасып өткен, жастары да шамалас болса керек. Бір әңгімеде біреулер Құнанбай қызын Тінібай саудагердің баласына ұзатқанын Тана мырзаға айтады. Сонда Тана мырза «Е, Құнанбай, қызын құлға берген екен ғой»-депті. Сонда әлгі адам, сіздердің қай сый-сияпаттарыңызды біле береміз, біреуіңіз «пұлға» бересіз, біреуіңіз «құлға» бересіз деген екен.

Ал, Тана Тінібайды «құл» дегені оның кедейден шыққан ата тегін білгені екен.

Ызғұтты жөнінде менің көптеген мақалаларым аудандық газетте бұрын да жарияланған болатын. Сол мақалаларда бұрынғы өткен адамдардан естіген, жазып алған материалдар толықтай қамтылған. Ызғұтты – менің туысым, бір атаданбыз, Бәйелдің баласымыз. Сол себепті туыстарын, қазіргі бар жақындарын толық білемін. Ал, Ызғұттының ел-жұрты оның зиратын жөндеп, басына құлпытас орнатуды армандайды. Амал не, қазіргі нарық қыспағы қолбайлау болып отыр. Дегенмен, бұл мәселе ескерусіз қалмақ емес. Құнанбай бейнесі әдебиетте айтылғанда Ызғұтты да әдебиеттен өз орнын тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, Құнанбайды қажыға апару, аман-есен алып қатйуының өзі үлкен еңбек екенін әдебиет зерттеуші қауым алдағы уақытта ескерсе демекпіз.

Базарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ,

«Ақсуат өңірінің ұлы адамдары туралы тарихи деректер» кітабынан, 2005 жыл

* Материалдың түпнұсқа тақырыбы: "Құнанбай мен Ызғұтты"

Құнанбай мен Ызғұтты тарихтан қатар орын алса, артық емес. Бұрын Құнанбай Өскенбаевті мадақтаудың орнына, ылғи жағымсыз бейне етіп көрсетіп келген әдебиет сүйер қауым енді ұлы Абайдың 150 жылдық мерекесіне дайындық кезінде, одан кейін де Құнанбай тақырыбына қалам сермеуді көбейтіп отыр. Өйткені, Абайды ұлы дана дәрежесіне жеткізген Құнанбай екені даусыз. Құнанбай от ауызды, орақ тілді шешен, қайратты, өжет тілімен атағы елге жайылған ірі тұлға.

Құнанбай біздің Тоқабай еліне, оның ішінде Бәйел баласы Нұран бай ауылына туған құда. Оның Тайбала атты қарындасына Нұран бай құда түсіп, өзінің туған ұлы Сақауға үйлендіреді.

Мақаламыз дәлелді болуы үшін бұрынғы «Екпін» колхозының тұрғыны, қарт шежіреші Қожықов Күшебай ақсақалдан 1949 жылы 1 қазанда жазып алған шежіреден үзінді келтірейін:

«Бәйел атаның ең үлкені Нұран – шіріген бай болды. Оның өз кіндігінен 9 ұл туды. Өз меншігінде ғана 15 отар қой, мыңға тарта жылқы болды. Менің өз әкем Қожық Нұран байдың малшы-жалшысы болды. Оның қыс қыстауы Тарбағатай тауындағы жылы тауда. Нұран көп малды саудалап Қарамолдадағы жәрмеңкеге жылма-жыл барып тұрған.

Сол бір барғанында ар жақта Тобықты елінің байы Құнанбаймен достасады. Екеуі ақсарбас айтып, қолдарын қанға малып отырып, құдандалы боламыз деп серттеседі. Сол серттері бойынша Нұран бай Тайбаланы Сақауға құда үсіп, алып береді. Ол кездің салты бойынша Тайбаланың қалың малына ыңғай тобылғы түсті торы жылқыдан 10 айғыр үйір жылқы, 2 отар еркек қой береді.

Қүнанбай да әлсіз адам емес, Тайбаланы ұзатқанда он атан түйе жасау-жабдығымен, дүние мүлкін, оған қоса қарындасына арнап жасатқан шаңырақ, уықтарын  күмістеткен  киіз үйді қоса берген. Тайбаланы құда түсіп айттырып үйлендірген соң бір жылдан кейін Шибай атты ұл табады. Құнанбай құдасына қонаққа келіп жатып, жас Шибайдың жүріс-тұрысына риза болып, үш жаста Шибайды өзіме бала етіп аламын деп алып кетеді. Шибайды алып барған соң Құнанбай үлкен той жасап, ат шаптырып, ойын-сауық өткізіп, баланың атын ізі-жолы құтты болсын деп Ызғұтты қояды. Қүнанбай құдасы Нұран байға келгенде салт атпен емес, күймелі трашмөңкемен келеді. Аягөздің үстін басып ылғи кенере жолмен жүрген.

Келер жолында алдымен жолшыбай Шәкі бидің ауылында болады. Сол арада Құнанбайды Тана мырза, Нұран бай, елдің басқа да игі жақсылары қарсы алады. Одан Шәкі бидің ауылынан шығып Ащылының күнгейіндегі Тана мырзаның ауылында болады. Ол тауды Тана мырзаның қызылы дейді. Тана мырза мен Қоқаш қажыларда бірнеше күн болған Қүнанбай Тарбағатай бөктерінің жылы тау аталатын қонысындағы Нұранның ауылына келген. Сол жерде бүкіл Жолымбеттің игі жақсылары бас қосып, Қүнанбайдың келу құрметіне үлкен той жасап, ойын-сауық, ат жарысы, бәйге, көкпар, ақ сүйек, күрес сияқты ойын-сауыққа ұласқан. Құдасында жиырма шақты күн болған Құнанбай зайыбы мен Шибайды алып еліне қайтқан.

Ызғұтты ер жетеді, оны үйлендіреді, өз алдына отау етіп еншісін бөліп беріп, жеке ауыл етіп шығарады. Ызғұтты – балалы-шағалы болады. Оның бірінші бәйбішесінен Дәуітбек, Мұхаметбек атты екі ұл туады.

Екінші бәйбішесінен Дүкенбек, Орынбек, Түсіпбек, Қажықайдар төртеуі туады. Кенжесі – Қажықайдар өте пысық болады», – деп сөзін аяқтаған еді.

Сол шежіре қарттың айтуы бойынша Дәуітбектен Жанұзақ туған, бертінде Қ. Сәтбаев атындағы совхозда қайтыс болды. Дүкенбектен Қареке, Көбей туған. Қазір екеуі де Көкпекті ауданының «Большевик» совхозында тұрады.

Орынбектен Далба, Байпа, Шаймұрат, Ташмұрат туған, балалары Көкпекті жерінде. Түсіпбектен бала болмаған.

Кейбір қаламгерлер Тайбаланы құда түсіп алады дегені бекер, Тайбала өзі іздеп келіп, Сақауға үйленген деп те жазып жүр, ол негізінен дұрыс пікір емес. Одан кейін Ызғұттының шын аты Шибай емес, Бақытбек екен деп көкпектілік жерлесіміз Қалихан Алтынбаев та жазып еді. Ол да қате пікір. Өйткені, ол заманда «Бақытбек» деген есімді ешкім қоймаған. Ескі жазбаларда, ел аузында ондай атаулар кездеспейді. Бақытбек деген атау кейінде ХХ ғасырдың орта шенінен пайда болған есімдер екенін әдебиеттен кездестіреміз.

Ал оның есімі Шибай қойылуы «Қараоба» деген жерде күзде қараша кезінде дүниеге келген. Сол кезде Қараобада түйе көрінбейтін болып ши қатты өскен. Сол себепті оның есімін Шибай деп қойған деп үлкендер айтатын еді. Сол жорамал дұрыс сияқты.

Тайбала анамыз намысшыл, қасиетті адам болған. Бүкіл Тоқабай елі төбесіне көтерген, ел билігіне араласқан адам болған. Ол арабша оқып, хат таныған сауатты болған. Тоқабай елі Тайбаланы «Молда апа» деп атап кеткен. Сол «молда апа» деген сөзімізді бекіту үшін мына бір ауыз өлеңмен дәйек келтіре кеткенді жөн көрдім:

Үлкені Ызғұттының Дәуітбекке,

Бір күнде дәмі тартып шыққан шетке,

Солем де Шәкерімге, нагашымыз,

Бәріміз «Молла ананың баласымыз», —

Деген Мұхаметжанның өлеңмен Шәкәрімге айтқан сәлемі осылай еді.

Мұхаметжан  – Сақаудың үлкен ұлы. Ал Мұхаметжаннан Жағыпар, Жұмаділдер туады. Жағыпар Мұхаметжановты әдеби қауымның егде қаламгерлері білуі мүмкін. Өйткені, ол өте зерек шежіре адам еді. Москвада «Известия» газетінде көп жыл қызмет еткен. Атақты «Шыңғысқан» романын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ, марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен қоса Лениннің, Сталинның шығармаларын да қазақшалауға белсене араласқандар қатарынан еді. Ал Ызғұтты мен Тайбала жөнінде бертінде қайтыс болған қандас туысым Шегедеков Салық та көп айтушы еді.

Ызғұтты – алғыр, батыр, көреген өте пысық болып өседі. Әрхам Кәкітай ұлының естелігінде оның алғырлығы мен өжеттігі былайша айтылады.

«Майбасардың байланғанын Құнанбай сол түнде естіп, тұс-тұсқа шапқыласып жасақ жияды. Көп қол, қару-жарақпен Жігітек жаққа жүреміз деп тұрғанда, Мұсақұлға келген көш көп кісіні көреді. Жау жақыннан шыққан соң қамданып отырған көп қол тұра шабады. Жігітек қолы да бұған қарсы шауып айқасқанда Жігітек, Көтібақ жақтан бес-алты адам сойылға жығылады. Соның ішінде Бұшар байдың баласы Қаракеннің мұрнын құнанбайдың асыранды інісі Ызғұтты айбалтамен шауып түсіреді. Қаны аспанға шашылып, өкіре жылаған Қаракені көрген Көтібақ Жігітек «ой, бауырымдап» шабысқанда, Ызғұтты аттан қарғып түсіп, Қаракені қасындағы кісінің алдына өңгеріп беріп, өз кісілеріне қашпа-қашпалап тоқтатады.

Кісіміз өлі деп ойлаған Жігітек, Көтібақтар қолы иіріліп тұрып қалады, қайта шаба алмайды. Сол арада хабар жетіп Бөкеншінің адамдары келіп, ара-ағайын болып, ортаға кірісіп, Майбасарды үйіне қайтарып, Қаракені және басқа да қолға түскендерді босаттырып, Жігітектің көшін кейін қайтарып, өзіне тиісті құдалықтарына қондырады.

Бұл шайқастан Құнанбай құтылмайды. Бұрын Жігітектің ұрдымжық батырсымақтары «Айдостың орнын біреуіміз-ақ аламыз»-деп күпілдесетін. Енді мына соғысқа Ырғызбай жігіттері – Ызғұтты, Төлепберген, Елеусіз, Нұрмағанбет, Торғайдан – Сүлеймен, Бестесбай, Топайдан – Сарыбай, Матақ сықылды жасөспірімдер шығып, Жігітек пен Көтібақтың батырларын ұрып жығып, беттетпей қуып тастап отырады. Бұдан былай Айдосқа қолын жұмсауға батылы бармайтын болды. Екіншіден, көптен таласта жүрген Мұсақұл өз пайдасына шешілді, Жігітек жағы қона алмады.

Құнанбай енді Олжай ішін тыныштандыру керек деп біліп, содырлы Майбасарды орнынан алып, оның кандидаты осы жолы ара ағайындық сақтаған Бөкенші Сүйіндікке болыстық жұмысын алып берді. Сонымен ел ортасын жайғадым деп жайбарақаттыққа түседі.

Ызғұттының осындай ерлігіне, қайсарлығына риза болған Құнанбай Өскенбайұлы оны қасына ертіп, Меккеге 1874 жылы жолға шыққан. Арада атпен жүрген, шөлді аймақта түйе мінген. Содан Қара теңіз жағалауына жеткенше көліктің неше алуан түрлерін пайдаланған. Қара теңізде кемеге отырып, бірнеше күнде Қызыл теңізден барып шыққан. Теңіз жағалауындағы Жидда қаласына түсіп, хажылар тобы одан әрі түйелі керуенге ілескен. Сөйтіп, құрбан айты қарсаңында қасиетті орынға барып жеткен ғой.

Осыншама ұзақ жолдың азабына, арабтың тас балқытар ыстық күніне, кез келген сәтте лап ете түсетін оба, іш ауруларына қарсы тәуекел етіп, төтеп беру жасы жетпіске келген адамға оңай болып па?! Осы тұрғыдан ескерсек, Құнекең мен Ызғұттының сол сапары үлкен ерлікке пара-пар, тарихи сапар деуге болады. Құнекең осы сапарда жыл жарым жүріп қайтқан. Кешеуілдеген себебі, Мекке қаласынан қазақ қажылары түсетін Тәкия (жатақхана) салдырған. Мұның өзі дін жолында пұлды аямайтын нағыз жомарттық және сауап, адамдар үшін шын жанашырлық, жақсылық еді. Құнекеңнің сол сапарында өкіл інісі Ызғұттының үлкен азаматтық көрсеткенін айту орынды.

Бірінші күні Қағбаны жеті айналып, қабырғаға қойылған қасиетті «Қара тасты» сүйіп барып, ішке кіреді екен. Сол күні Құнекеңнің аяқ астынан ыстығы асып, өз аяғынан жүруге шамасы келмей қалғаны, ауру адамды емханадағы шырақшы ішке кіргізбейді. Енді қайтпек керек, Ызғұтты дереу алпамсадай Құнекеңді екі аяғын мойынына асылдыра иығына балаша көтеріп қондырады да Қағбаны жеті айналады. Қасиетті тасты сүйеді. Енді ішке кірейін десе шырақшы бөгет болады. Адамның адамға мінгесуі оған да жат көрінсе керек.

Ызғұтты бұған да айла тапқан. Шырақшының алақанына алтын сүмбіні сүңгітіп жібереді де: «бұл кісі біздің ханымыз, ханның аяғын жерге тигізуге заң жоқ» деп сөйлеп кетеді. Әрі ақша беріп, тілмәш арқылы түсіндіреді. Бұған сенген шырақшы ішке оларды кіргізіпті. Ертеңінде құдай қуат беріп, Құнекеңнің денсаулығы түзеле бастапты.

Мекке сапарынан Құнекең «Үлкен қажы», Ызғұтты «Кіші қажы» атанып қайтыпты.

Ызғұтты Ақшоқы қыстауында Құнанбай зиратының жанына бөлек жерленген. Құнекең екеуінің қажыдан қайтқан жылында туған баласының есімі Қажықайдар. Бұл баласы 1953 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында тұрған екен.

Ал Қажықайдардан туған Қабдымұрат ақсақал әлі тірі. Көкпектінің «Большевик» совхозында тұрады. Құнанбай Шәкі бимен қатты араласқан, дос болған. Шәкі би де осал адам болмаған, оның өзіндік көріпкелдігі, әулиелігі де болған. Ол Тобықты еліне барған бір сапарында өзінің науқастанып жүргенін Құнанбайға наз ретінде шағынып айтады. Сонда Құнанбай ел арасы алыс, сен ол дүниелік болсаң, мен оны қалай естимін дейді. Сонда Шәкі би «Мен қайтыс болған күні азан да ауылыңның үстінен алты аққау қиқулап ұшып өтеді», -дейді.

Жазға салымғы уақыт болса керек, Құнанбай ерте азанда дәретке шықса, күн шыұпай ауылының үстінен алты аққу қиқулап ұшады. Құнанбай – «Шәкі би о дүниелік болған екен» деп дереу жолға шығып, Шәкі бидің ауылына келсе, Шәкі биді жаңа арулап шығарғалы жатыр екен, дер кезінде келген Құнекең топырақ салыпты,-деседі ел аузында қалған әңгімелерде.

Тана мырзамен де Құнанбай құдандалы болған ғой. Тана мырзаның ауылынан Абайға Қаламқас атты қызды айттырып әперген деседі. Тана мырзамен қатты қалжыңдасып өткен, жастары да шамалас болса керек. Бір әңгімеде біреулер Құнанбай қызын Тінібай саудагердің баласына ұзатқанын Тана мырзаға айтады. Сонда Тана мырза «Е, Құнанбай, қызын құлға берген екен ғой»-депті. Сонда әлгі адам, сіздердің қай сый-сияпаттарыңызды біле береміз, біреуіңіз «пұлға» бересіз, біреуіңіз «құлға» бересіз деген екен.

Ал, Тана Тінібайды «құл» дегені оның кедейден шыққан ата тегін білгені екен.

Ызғұтты жөнінде менің көптеген мақалаларым аудандық газетте бұрын да жарияланған болатын. Сол мақалаларда бұрынғы өткен адамдардан естіген, жазып алған материалдар толықтай қамтылған. Ызғұтты – менің туысым, бір атаданбыз, Бәйелдің баласымыз. Сол себепті туыстарын, қазіргі бар жақындарын толық білемін. Ал, Ызғұттының ел-жұрты оның зиратын жөндеп, басына құлпытас орнатуды армандайды. Амал не, қазіргі нарық қыспағы қолбайлау болып отыр. Дегенмен, бұл мәселе ескерусіз қалмақ емес. Құнанбай бейнесі әдебиетте айтылғанда Ызғұтты да әдебиеттен өз орнын тапқаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, Құнанбайды қажыға апару, аман-есен алып қатйуының өзі үлкен еңбек екенін әдебиет зерттеуші қауым алдағы уақытта ескерсе демекпіз.

Базарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ,

«Ақсуат өңірінің ұлы адамдары туралы тарихи деректер» кітабынан, 2005 жыл

* Материалдың түпнұсқа тақырыбы: “Құнанбай мен Ызғұтты”

0
Authorization

Registration

Password generation