Сәрсенбі, Ақпан 14, 2018
Негізгі > Тарих > Ғылыми-тәжірибелік конференция: Абайдың әжесі Зере Бектемірқызына Қалбатауда ескерткіш ашылмақ

Ғылыми-тәжірибелік конференция: Абайдың әжесі Зере Бектемірқызына Қалбатауда ескерткіш ашылмақ

 

Бүгін Шығыс Қазақстанда тағы бір игі бастаманың тұсауы кесілді. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Жарма ауданы әкімдігінің бірлесуімен аталмыш университеттің акт залында «Ұлы даланың ұлы аналары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,-деп хабарлайды Жерұйық.кз тілшісі.

Сонымен қатар, ертең Абайдың әжесі Зере Бектемірқызына Жарма ауданының орталығы Қалбатауда ескерткіш ашылмақшы. Соның құрметіне орай ұйымдастырылған  бұл конференцияға тарих ғылымдарының докторы, профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Ескендіров Мейір Ғарифоллаұлы және Жарма ауданы әкімі Сыдықов Нұрлан Бәттәшұлы төрағалық жасады.

%d1%8c2-768x512

Жиналыстың басында аталмыш оқу орнының жас ақын студенті Нұржанов Қуаныш арнау өлеңін тарту етті.

img_6251-768x512

Конференцияға Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, бұл бастама тек Абайдың әжесі Зеренің ғана емес, бүкіл қазақтың аналарына деген құрметтің нышаны деп атап өтті.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде алғашқы болып баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы ұлт тарихындағы қазақ әйелдерінің бейнесін сонау сақ дәуірінен тартып ашып айтса, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этонология институтының жетекші ғылыми қызметкері Әлімғазы Дәулетхан қазақтың қасиетті аналары және Қытайдағы Қызай ана тарихына баса тоқталды. Сонымен қатар ол Қытайдағы қандастар арасында жақсы тараған Қызай оюлары, Қызай ұлттық киімдерінің үлгілері әлі күнге сақталғанын айтып, оны осы қазақ мемлекетіне заман талабына сай жалпыластыруды ұсынды.

Келесі кезекте баяндама жасаған т.ғ.д., профессор, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этонология институтының жетекші ғылыми қызметкері Тоқтабаев Ахмет Уәлиханұлы азаттық үшін алысқан аналардың ерлігін еске алып, Нұрпейіс Байғанин поэмасындағы Нұрғыз келбетін өнеге етті.

Соңғы болып баяндамасын оқыған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеimg_6356-768x512ттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ақтанова Айман Советқызы Зеренің ел анасы ретіндегі портретін көрсетті.

Конференцияның соңында Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы қорытынды сөз сөйлеп, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновқа «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрметті профессоры» атағын салтанатты түрде табыс етті.

 

Түстенкейінгі уақытта «Еңілік-Кебек» кинотеатрында конференцияның құрметті қонақтары: «Құнанбай» көркем фильмінің режиссері Досхан Қалиұлы Жолжақсынов және Зере ананың рөлінде ойнаған Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртісі, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері Нұрсипат Салықовамен «Жақсының аты өлмейді» атты мәдени-танымдық кездесу кеші өтеді.

img_6365-768x512

 

 Жұмабек Айқын,

Жерұйық сайты

 

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation