Дүйсенбі, Қыркүйек 10, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Аймақ > ӨСКЕМЕНДЕ ӨЗГЕШЕ АЙТЫС ӨТТІ

ӨСКЕМЕНДЕ ӨЗГЕШЕ АЙТЫС ӨТТІ

Тақырып: ӨСКЕМЕНДЕ ӨЗГЕШЕ АЙТЫС ӨТТІ

Мақала мәтіні: Бұл айтыстың бұрынғы айтыстардан бірнеше өзгешелігі болды. Ол өзгешеліктерді енгізіп әрі тиянақты жүзеге асырған Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы. Филал директоры Әлібек Қаңтарбаевтың Тәуелсіздік мерейтойын жырдан шашу шашып, жетістіктерімізді өлең жолдарымен өрнектесек деген ұсынысы ШҚО мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тауып, «Алтайым – азаттықтың ақ бесігі» атты ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы жүзеге асқан. Облыстық мәдениет басқарма басшысы Азамат Мұхамедчиновтың ел руханиятын нақты әрекетпен қолдай білгенін айта кеткен абзал. Көп жерде «ойбай, айтыстан аулақ, басшыларға сын айтылса басымызға бәле болады» деп аттонын ала қашатын атқамінерлер аз емес. Соның бәрін ескере отырып, шығармашылық әлеует деңгейін Жазушылар Одағы филиалы өз жауапкершілігіне алатындықтан қажетті қаражат қарастырылып берілген екен.

<img class="aligncenter wp-image-4965 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/15451329_1157800894327445_1063695486_n.jpg" width="604" height="453" />

Сонымен, желтоқсанның 10 күні облыс орталығындағы Металургтер мәдениет үйінде Шығыс Қазақстанның әр шалғайынан келген айтыскерлер мен жазба ақындар жұрт алдында сынға түсті. Айтысты өткізудегі өзгешеліктің бірі – айтыскерлерді финалға іріктеуге қатысты болды. Оның біріншісі «анау Семейден, мынау Өскеменнен келді» деген тіркес осы жолы қолданылмады. Екіншіден, айтыскерлерді жұптау – жеребе бойынша. Үшіншіден, бір айналымнан келесі айналымға тек жеңген қарсылас ғана өтпек. Мұның қиындау тиетін жері жоғары деңгейде айтыс көрсетсе де келесі айналымға екі айтыскердің бірі ғана өте алатындығы. Керісінше, төмен айтыс көрсеткен жұптың да келесі айналымға басым түскені ғана өтеді. Бұл талаптың сырын сұрағанымызда айтысты ұйымдастырушы әрі қазылар алқасының төрағасы Ә. Қаңтарбаев: «Біз бұл тәртіпті ақындар арасында келісіп алып айтысу болады деген әңгіменің алдын алу үшін енгізіп отырмыз. Расында, финалға жоғары ұпай алғандар өтетін болса, ең үлен ұпайларды жинау үшін қос айтыскер өзара ымыраға келіп алуы ықтимал. Біз болсақ, финалға тек қарсыласын жеңгендер ғана өтсін деп отырмыз. Мұндай жағдайда қарсыластар бір-бірін жеңу үшін бет-жүзіне қарамай сайысады деп ойлап отырмыз» деп жауап берді.

<img class="aligncenter wp-image-4966 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/15494039_1157800967660771_2022132035_n.jpg" width="850" height="638" />

Жоғарыда көтерілген талаптар мен өзгешеліктер барлық қазылар құрамы мен айтыскерлердің көз алдарында таныстырылып, біржақты келісім жасалды. Келісілген шарттың аясында тартылған жеребе бойынша алғашқы айналымда Серік Құсанбаев пен Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов пен Нұржан Жолбарыс, Аслан Ғафуров пен Жанат Расылханұлы, Серік Молдабеков пен Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба мен Манарбек Сатыпалды, Гүлнұр Зұлқаршынқызы мен Нұртай Тілеужан сахнада сынға түсіп, сөз барымтасында бір-бірін шаужайлап, көрерменін өнер өлкесінің сиқырына баурай түсті.

«Ақын» деген атты арқалап жүрудің жауапкершілігі қаншалықты зор екенін сезінетін сахна майталмандары өз кезегінде көпшілікке жібектей есілген жыр жолдарымен келелі ой, рухани күш, ұлттық рух беріп, ел бірлігінің қандай жауапкершіліктерден жинақталатынын жеткізуге тырысты. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық белесінде ел болып еңсерген биіктер мен бағындырған белестер, бостандықтың бағасы мен қадырі, қай тұста есе жібердік немесе ұттық деген секілді жалпы және жалқы мәселелер шешендік шеберліктің қалыбынан шыққанда қалың шапалақтың дуына ұласып кетіп жатты. Сөз барымтасына сүліктей жарап келгені суырыла сытылып, бабы келіңкіремегені біртіндеп ұтылып бірінші айналым да мәресіне жетті. Бірінші жұпта қыз бен жігіттің сөз таласын арқау еткен Нұртай мен Гұлнұрдың қақтығысы Нұртайдың қарындасқа жол беру мәрттігімен аяқталды. Екпінді айтысқа ұласқан екінші жұпта семейлік Манарбек зайсандық Ардабекке есе жіберіп алды. Заманы бір екі жас ақын көрерменге көбірек қол соқтыра білді. Құрдас азаматтар қалжыңға ерік берген тұста Манарбек мүлт кетті. Үшінші жұптағы Серікхан Жақияновты аягөздік Нұржан Жолбарыс шамына тимейтін шақпа тілмен шалып тастап отырды. Төртінші жұпта топқа түскен Серік Құсанбаев пен Абаш Кәкенов нағашы – жиен арасындағы жайларға ерік берді. Қарсыластың қылт кеткен тұсын қапы жібермейтін Құсанбаев Абаш нағашысының: «Қырық серкешті берсем бе, бермесем бе екен» деген сөзіне «Өзгелер жиендерін қарық тастағанмен біздің Абаш алпысқа келсе де әлі ойланып жүр» деп ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланды. Осы ширек ғасырлық тарихымызда айтыс көгінде жарқырай көрінген қос тарлан ел мен жер мәселесін де тілге тиек етпей қалған жоқ. «Бұл күнде Банктен несие алмаған қазақты май шаммен іздеп таппайсың» деген мағынада бір толғап өткен Құсанбаев ағайынды орынсыз рәсуаға, артық шығанға ұрынбауға үгіттеді.

<img class="aligncenter wp-image-4964 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/15435934_1157801117660756_1846174990_n.jpg" width="850" height="638" />

Бесінші жұпта сынға түскен Серік Молдабеков пен Серік Қуанған екеуіне ауырлау тигені – жеребе шартымен ұстаз бен шәкірттің бір-біріне түсіп қалғаны. Шәкіртінің шаршы алаңда шығандай түссін деген тілегі ме Молдабеков тізгінді сәл іркіп отырды. Айналымға алтыншы жұп болып шыққан Аслан мен Жанат арасында күйеу бала мен қайнағаның қақтығысы орын алды. Айтыстағы аяқалысы әуелден қалыптасқан Аслан Ғафуров көрерменнің аз жиналу себебінің бір ұшын телеарналардың ұлттық өнерге деген салғырттығымен сәтті байланыстырды. Жарнамаға келгенде «1 минутын миллионға бұлдайтындары түсініксіз» деген ойларын ортаға салды. Қарсылас болып отырған көпбалалы қайнағасының сахнаға біреудің шапанын киіп шыққанын ескере келе ел алдында Жанаттың иығына жағалы шапан жапты.

Екінші айналымға екшеліп шыққандар арасында бірінші жұп болып Серік Қуанған мен Ардабек Ақбаба айтысты. Алғашқы айналымда көрермен ықыласына молырақ бөленген екі жас пері бұл жолы да төмен өнер көрсеткен жоқ. Десе де, бұл жолы олар қазылар тарапынан алғашқыдай ең жоғары ұпай ала алмады. Оның себебі, Серік қарсыласының «Алтайдан асып келген бауырым» деген мағынада жан тартып, бауырға баса айтқан сөзін бұрмалап, мені неге шеттетесің деген сарынға түсіп кетті. Оның бұл олқылығын орнына қоюға Ардабек те ұмтылмады. Осындай әттеген-айлар оларға кей көрермендердің «10» деп дауыстағанына қарамастан «9» қоюға түрткі болды. Негізінде, дайындықтарын ширатса екеуінің де айтысқа өзіндік леп енгізетін мүмкіндіктері мол. Ардабектің: «Арпалыста арысымызды жоғалтсақ та намысымызды жоғалтпаймыз» немесе «Ақшасы құнсыз болғанымен Патшасы бағалы елміз» деген түйіндері ізденімпаздығының белгісіндей.

Екінші айналымның екінші жұбы бұйырған Аслан мен Гұлнұр арасындағы айтыста әлеуметтік мәселеге де, әзілге де орын берілді. Айтыстың негізгі шартының бірі – қарсыласты сөзден ұстау. Аслан бұл жолы да Гұлнұрдың түрлі әзілдеріне сыр бермегенімен «Найманның келінімін» дегенді бернеше рет қолданғанына жол бермеді. Қазақ келіндерінің қайын атасының есімін ел алдында атамайтын дәстүрін көлденең тартып, көпшілік қолдауын өзіне бұрып әкетті. Бірден айта кетейік, Аслан Ғафуров айтыс қортындысында алған 300 мың теңгелік жүлдесін көпшілік алдында баласының денсаулығына көмек сұраған анаға демеу ретінде тарту етіп кетті.

Үшінші жұп айтыс Серік Құсанбаев пен Нұржан Жолбарыс ортасында өрбіді. Нұржан бірінші және осы айтысында да сыни тақырыптарға орай соғып отырды. Іздегенге сұраған дегендей, Құсанбаевтың да ел мәселесіне келгенде екпіндей түсетін әдеті. Екеуі ұлтты ұйыстыратын тетіктерді тілге тиек ете отырып, мәреге бірін-бірі қамшылай жетті. Нұржанның «Жер сату мәселесіне қалай қарайсыз аға» дегені Серіктің семсер жырды сілтей түсуіне себеп болғандай. Көкейді кернеген кермек ойлар жырға айналып көмейден төгілерде ақын жүрегін толқытып, үнін жарықшаңқыратып жібергеніне куә болдық. «Жер сату деген не сұмдық!» деп басталған тебіреніс «Жерті сату дегенің, Аққу ұшып қаз қонған көлді сату емес пе, Арқар, киік ойнаған белді сату емес пе, Батырлар қорғап берген төрді сату емес пе, Бабалар сүйегі жатқан көрді сату емес пе?» деп жалғаса түсетін тіркестер қынаптан суырған қылыштай жарқылдай түсті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен «Алтайым – азаттықтың ақ бесігі» атты ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы осы тұстан түйінделіп, қортындысы шығарылды. Негізі, әр жұп айтыстан кейін мүшәйра іріктеуінен өткен 10 ақын өз өлеңдерін кезегімен оқып беріп тұрған болатын. Оларға ұпай ашық көтерілмегенімен әр жюри өз ұпайларын алдарындағы қағазға беліглеп отырды. Қазылар құрамының ұпайларын жинақтай келгенде мүшәйра бойынша Бас жүлде семейлік жас ақын Еркін Қуанышұлына, бірінші орын өскемендік Дүргінбай Қызырбекке, екінші орын семейлік Гүлім Жакинаға, үшінші орын семейлік Бауыржан Игілікке бұйырды. Осы жүлделі орынға лайық өзге де ақындардың қатарында Сәтжан Қасымжанұлы, Оразай Жүнісұлы, Алтынғадыс Күнтуғанұлының өлеңдері де болғанын айта кету абзал. Бірлі-жарым ұпай айырмашылығы болмаса, бұл ақындардың жырларында да шынайы поэзия басым екенін жасырмаймыз.

Ал, ақындар айтысына келсек, Бас жүлдені Серік Құсанбаев, бірінші орынды Аслан Ғафуров, екінші орынды Нұржан Жолбарыс, үшінші орынды Ардабек Ақбаба еншіледі. Жүлделі орынға ілінбегенімімен айтыс пен мүшәйраға қатысқан барлық ақындар марапатсыз қалған жоқ.
<p style="text-align: right;">         <strong><em>Қайрат Зекенұлы, Семей – Өскемен. </em></strong></p>
 

Бұл айтыстың бұрынғы айтыстардан бірнеше өзгешелігі болды. Ол өзгешеліктерді енгізіп әрі тиянақты жүзеге асырған Қазақстан Жазушылар Одағының ШҚО филиалы. Филал директоры Әлібек Қаңтарбаевтың Тәуелсіздік мерейтойын жырдан шашу шашып, жетістіктерімізді өлең жолдарымен өрнектесек деген ұсынысы ШҚО мәдениет басқармасы тарапынан қолдау тауып, «Алтайым – азаттықтың ақ бесігі» атты ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы жүзеге асқан. Облыстық мәдениет басқарма басшысы Азамат Мұхамедчиновтың ел руханиятын нақты әрекетпен қолдай білгенін айта кеткен абзал. Көп жерде «ойбай, айтыстан аулақ, басшыларға сын айтылса басымызға бәле болады» деп аттонын ала қашатын атқамінерлер аз емес. Соның бәрін ескере отырып, шығармашылық әлеует деңгейін Жазушылар Одағы филиалы өз жауапкершілігіне алатындықтан қажетті қаражат қарастырылып берілген екен.

Сонымен, желтоқсанның 10 күні облыс орталығындағы Металургтер мәдениет үйінде Шығыс Қазақстанның әр шалғайынан келген айтыскерлер мен жазба ақындар жұрт алдында сынға түсті. Айтысты өткізудегі өзгешеліктің бірі – айтыскерлерді финалға іріктеуге қатысты болды. Оның біріншісі «анау Семейден, мынау Өскеменнен келді» деген тіркес осы жолы қолданылмады. Екіншіден, айтыскерлерді жұптау – жеребе бойынша. Үшіншіден, бір айналымнан келесі айналымға тек жеңген қарсылас ғана өтпек. Мұның қиындау тиетін жері жоғары деңгейде айтыс көрсетсе де келесі айналымға екі айтыскердің бірі ғана өте алатындығы. Керісінше, төмен айтыс көрсеткен жұптың да келесі айналымға басым түскені ғана өтеді. Бұл талаптың сырын сұрағанымызда айтысты ұйымдастырушы әрі қазылар алқасының төрағасы Ә. Қаңтарбаев: «Біз бұл тәртіпті ақындар арасында келісіп алып айтысу болады деген әңгіменің алдын алу үшін енгізіп отырмыз. Расында, финалға жоғары ұпай алғандар өтетін болса, ең үлен ұпайларды жинау үшін қос айтыскер өзара ымыраға келіп алуы ықтимал. Біз болсақ, финалға тек қарсыласын жеңгендер ғана өтсін деп отырмыз. Мұндай жағдайда қарсыластар бір-бірін жеңу үшін бет-жүзіне қарамай сайысады деп ойлап отырмыз» деп жауап берді.

Жоғарыда көтерілген талаптар мен өзгешеліктер барлық қазылар құрамы мен айтыскерлердің көз алдарында таныстырылып, біржақты келісім жасалды. Келісілген шарттың аясында тартылған жеребе бойынша алғашқы айналымда Серік Құсанбаев пен Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов пен Нұржан Жолбарыс, Аслан Ғафуров пен Жанат Расылханұлы, Серік Молдабеков пен Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба мен Манарбек Сатыпалды, Гүлнұр Зұлқаршынқызы мен Нұртай Тілеужан сахнада сынға түсіп, сөз барымтасында бір-бірін шаужайлап, көрерменін өнер өлкесінің сиқырына баурай түсті.

«Ақын» деген атты арқалап жүрудің жауапкершілігі қаншалықты зор екенін сезінетін сахна майталмандары өз кезегінде көпшілікке жібектей есілген жыр жолдарымен келелі ой, рухани күш, ұлттық рух беріп, ел бірлігінің қандай жауапкершіліктерден жинақталатынын жеткізуге тырысты. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық белесінде ел болып еңсерген биіктер мен бағындырған белестер, бостандықтың бағасы мен қадырі, қай тұста есе жібердік немесе ұттық деген секілді жалпы және жалқы мәселелер шешендік шеберліктің қалыбынан шыққанда қалың шапалақтың дуына ұласып кетіп жатты. Сөз барымтасына сүліктей жарап келгені суырыла сытылып, бабы келіңкіремегені біртіндеп ұтылып бірінші айналым да мәресіне жетті. Бірінші жұпта қыз бен жігіттің сөз таласын арқау еткен Нұртай мен Гұлнұрдың қақтығысы Нұртайдың қарындасқа жол беру мәрттігімен аяқталды. Екпінді айтысқа ұласқан екінші жұпта семейлік Манарбек зайсандық Ардабекке есе жіберіп алды. Заманы бір екі жас ақын көрерменге көбірек қол соқтыра білді. Құрдас азаматтар қалжыңға ерік берген тұста Манарбек мүлт кетті. Үшінші жұптағы Серікхан Жақияновты аягөздік Нұржан Жолбарыс шамына тимейтін шақпа тілмен шалып тастап отырды. Төртінші жұпта топқа түскен Серік Құсанбаев пен Абаш Кәкенов нағашы – жиен арасындағы жайларға ерік берді. Қарсыластың қылт кеткен тұсын қапы жібермейтін Құсанбаев Абаш нағашысының: «Қырық серкешті берсем бе, бермесем бе екен» деген сөзіне «Өзгелер жиендерін қарық тастағанмен біздің Абаш алпысқа келсе де әлі ойланып жүр» деп ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланды. Осы ширек ғасырлық тарихымызда айтыс көгінде жарқырай көрінген қос тарлан ел мен жер мәселесін де тілге тиек етпей қалған жоқ. «Бұл күнде Банктен несие алмаған қазақты май шаммен іздеп таппайсың» деген мағынада бір толғап өткен Құсанбаев ағайынды орынсыз рәсуаға, артық шығанға ұрынбауға үгіттеді.

Бесінші жұпта сынға түскен Серік Молдабеков пен Серік Қуанған екеуіне ауырлау тигені – жеребе шартымен ұстаз бен шәкірттің бір-біріне түсіп қалғаны. Шәкіртінің шаршы алаңда шығандай түссін деген тілегі ме Молдабеков тізгінді сәл іркіп отырды. Айналымға алтыншы жұп болып шыққан Аслан мен Жанат арасында күйеу бала мен қайнағаның қақтығысы орын алды. Айтыстағы аяқалысы әуелден қалыптасқан Аслан Ғафуров көрерменнің аз жиналу себебінің бір ұшын телеарналардың ұлттық өнерге деген салғырттығымен сәтті байланыстырды. Жарнамаға келгенде «1 минутын миллионға бұлдайтындары түсініксіз» деген ойларын ортаға салды. Қарсылас болып отырған көпбалалы қайнағасының сахнаға біреудің шапанын киіп шыққанын ескере келе ел алдында Жанаттың иығына жағалы шапан жапты.

Екінші айналымға екшеліп шыққандар арасында бірінші жұп болып Серік Қуанған мен Ардабек Ақбаба айтысты. Алғашқы айналымда көрермен ықыласына молырақ бөленген екі жас пері бұл жолы да төмен өнер көрсеткен жоқ. Десе де, бұл жолы олар қазылар тарапынан алғашқыдай ең жоғары ұпай ала алмады. Оның себебі, Серік қарсыласының «Алтайдан асып келген бауырым» деген мағынада жан тартып, бауырға баса айтқан сөзін бұрмалап, мені неге шеттетесің деген сарынға түсіп кетті. Оның бұл олқылығын орнына қоюға Ардабек те ұмтылмады. Осындай әттеген-айлар оларға кей көрермендердің «10» деп дауыстағанына қарамастан «9» қоюға түрткі болды. Негізінде, дайындықтарын ширатса екеуінің де айтысқа өзіндік леп енгізетін мүмкіндіктері мол. Ардабектің: «Арпалыста арысымызды жоғалтсақ та намысымызды жоғалтпаймыз» немесе «Ақшасы құнсыз болғанымен Патшасы бағалы елміз» деген түйіндері ізденімпаздығының белгісіндей.

Екінші айналымның екінші жұбы бұйырған Аслан мен Гұлнұр арасындағы айтыста әлеуметтік мәселеге де, әзілге де орын берілді. Айтыстың негізгі шартының бірі – қарсыласты сөзден ұстау. Аслан бұл жолы да Гұлнұрдың түрлі әзілдеріне сыр бермегенімен «Найманның келінімін» дегенді бернеше рет қолданғанына жол бермеді. Қазақ келіндерінің қайын атасының есімін ел алдында атамайтын дәстүрін көлденең тартып, көпшілік қолдауын өзіне бұрып әкетті. Бірден айта кетейік, Аслан Ғафуров айтыс қортындысында алған 300 мың теңгелік жүлдесін көпшілік алдында баласының денсаулығына көмек сұраған анаға демеу ретінде тарту етіп кетті.

Үшінші жұп айтыс Серік Құсанбаев пен Нұржан Жолбарыс ортасында өрбіді. Нұржан бірінші және осы айтысында да сыни тақырыптарға орай соғып отырды. Іздегенге сұраған дегендей, Құсанбаевтың да ел мәселесіне келгенде екпіндей түсетін әдеті. Екеуі ұлтты ұйыстыратын тетіктерді тілге тиек ете отырып, мәреге бірін-бірі қамшылай жетті. Нұржанның «Жер сату мәселесіне қалай қарайсыз аға» дегені Серіктің семсер жырды сілтей түсуіне себеп болғандай. Көкейді кернеген кермек ойлар жырға айналып көмейден төгілерде ақын жүрегін толқытып, үнін жарықшаңқыратып жібергеніне куә болдық. «Жер сату деген не сұмдық!» деп басталған тебіреніс «Жерті сату дегенің, Аққу ұшып қаз қонған көлді сату емес пе, Арқар, киік ойнаған белді сату емес пе, Батырлар қорғап берген төрді сату емес пе, Бабалар сүйегі жатқан көрді сату емес пе?» деп жалғаса түсетін тіркестер қынаптан суырған қылыштай жарқылдай түсті.

Сонымен, қазылар алқасының шешімімен «Алтайым – азаттықтың ақ бесігі» атты ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы осы тұстан түйінделіп, қортындысы шығарылды. Негізі, әр жұп айтыстан кейін мүшәйра іріктеуінен өткен 10 ақын өз өлеңдерін кезегімен оқып беріп тұрған болатын. Оларға ұпай ашық көтерілмегенімен әр жюри өз ұпайларын алдарындағы қағазға беліглеп отырды. Қазылар құрамының ұпайларын жинақтай келгенде мүшәйра бойынша Бас жүлде семейлік жас ақын Еркін Қуанышұлына, бірінші орын өскемендік Дүргінбай Қызырбекке, екінші орын семейлік Гүлім Жакинаға, үшінші орын семейлік Бауыржан Игілікке бұйырды. Осы жүлделі орынға лайық өзге де ақындардың қатарында Сәтжан Қасымжанұлы, Оразай Жүнісұлы, Алтынғадыс Күнтуғанұлының өлеңдері де болғанын айта кету абзал. Бірлі-жарым ұпай айырмашылығы болмаса, бұл ақындардың жырларында да шынайы поэзия басым екенін жасырмаймыз.

Ал, ақындар айтысына келсек, Бас жүлдені Серік Құсанбаев, бірінші орынды Аслан Ғафуров, екінші орынды Нұржан Жолбарыс, үшінші орынды Ардабек Ақбаба еншіледі. Жүлделі орынға ілінбегенімімен айтыс пен мүшәйраға қатысқан барлық ақындар марапатсыз қалған жоқ.

         Қайрат Зекенұлы, Семей – Өскемен.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation