Жексенбі, Қыркүйек 16, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Мерекеде медаль таққан семейліктер

Мерекеде медаль таққан семейліктер

Тақырып: Семейдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен музей қызметкерлері «қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Мақала мәтіні: <img src="https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/15400391_1194219074005445_1722650952607024775_n.jpg?oh=950f0cf1aa988fd05385455c49717961&oe=58F09BAF" alt="Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы." />

15 желтоқсан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада Абай музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Тәуелсіздік шежіресі – ерлік пен елдіктің шежіресі» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде: «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күн Қазақстан тарихында мәңгі өшпес алтын әріптермен жазылды. Артына өшпес із қалдырған, халқымыздың болашағын арман еткен ата-бабаларымыздың Ұлы Абайдың мақсат-мұратына біз бүгін қол жеткіздік. Бүгінгі күнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен еліміздің стратегиялық даму жоспарының нәтижесінде өркениет көшіне Қазақстан деген мемлекет қосылды. Тәуелсіз елімізде ұлтаралық достық пен бейбітшілік нығайып, өркениетті мемлекеттердің қатарынан орын алды» - деп айрықша атап өтті.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Құрмет» орденімен марапатталды.

<img src="https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/15492181_1194218984005454_7784129891969855555_n.jpg?oh=9558c287c2ef10d229ac225f2e2ad8dd&oe=58E62A9B" alt="Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы." />
Сонымен қатар, шара барысында қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен музей қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

<img src="https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t31.0-8/s960x960/15443104_1194219097338776_8025847102973081228_o.jpg?oh=6bd4175ab8b328f938c9265b603b25a7&oe=58B7AB79" alt="Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы." />
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталғандар:
1. Еспенбетов А.
2. Исабаев Б.
3. Ибрагимов Т.
4. Ахметжанов А.
5. Теміров Б.
6. Сыдықов Х.
7. Шаңбай Т.
8. Ахметов Қ.
9. Тлеуленов Т.
10. Кәрібжанов О.
Мерейтойлық медальдармен музей қызметкерлері ішінен марапатталғандар:
1. Разуев Ә.
2. Икен Е.
3. Мырзақасым Ә.
4. Мұхамедова М.
5. Исабаев Ш.

<img src="https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/15541397_1194216504005702_5145290795301066079_n.jpg?oh=cabb0037e43876eb265f9709e0e10d60&oe=58B7F1EC" alt="Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы." />
Аталмыш шарада Л.Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебінің оқушылары, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.
«Ұлы дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар, музей қызметкерлері қатысты.

<img src="https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/15420926_1194215914005761_6888881072745999992_n.jpg?oh=b6ccfa5ac018fa7a3ba2a157c7a4b412&oe=58B7EF56" alt="Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы." />

Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы.

15 желтоқсан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада Абай музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Тәуелсіздік шежіресі – ерлік пен елдіктің шежіресі» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде: «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күн Қазақстан тарихында мәңгі өшпес алтын әріптермен жазылды. Артына өшпес із қалдырған, халқымыздың болашағын арман еткен ата-бабаларымыздың Ұлы Абайдың мақсат-мұратына біз бүгін қол жеткіздік. Бүгінгі күнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен еліміздің стратегиялық даму жоспарының нәтижесінде өркениет көшіне Қазақстан деген мемлекет қосылды. Тәуелсіз елімізде ұлтаралық достық пен бейбітшілік нығайып, өркениетті мемлекеттердің қатарынан орын алды» – деп айрықша атап өтті.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Құрмет» орденімен марапатталды.

Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы.
Сонымен қатар, шара барысында қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен музей қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталғандар:
1. Еспенбетов А.
2. Исабаев Б.
3. Ибрагимов Т.
4. Ахметжанов А.
5. Теміров Б.
6. Сыдықов Х.
7. Шаңбай Т.
8. Ахметов Қ.
9. Тлеуленов Т.
10. Кәрібжанов О.
Мерейтойлық медальдармен музей қызметкерлері ішінен марапатталғандар:
1. Разуев Ә.
2. Икен Е.
3. Мырзақасым Ә.
4. Мұхамедова М.
5. Исабаев Ш.

Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы.
Аталмыш шарада Л.Хамиди атындағы №1 балалар музыка мектебінің оқушылары, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды.
«Ұлы дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, абайтанушылар, музей қызметкерлері қатысты.

Фото Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation