Тақырып: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ
Мақала мәтіні: <img class="aligncenter wp-image-5097 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/диплом.jpg" width="1032" height="581" />
«Нұр Отан» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлімі. Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. 340 мыңдай тұрғыны бар Семейдей ауқымды шаһардағы партия филиалында бұл бағыттағы жұмыстың қат-қабат екенін біреу білсе, біреу білмес. Сол қат-қабат жұмыстың жігін жатқызып, түйінін тарқату қоғамдық қабылдауды жүргізіп отырған маманға тікелей байланысты. Ашығын айтқанда, партияның қоғамдық қабылдауына көбінесе сұрағының шешімін таппай жүрген, көңілі әлдебір реніштерге толы жандар жиі бас сұғады. Түрлі мекемелердің жауаптарына көңілі толмаған тұрғындар бар «ашу-ызаларын» осы қоғамдық қабылдауда ақтарып салып, «бір жеңілдеп» қалатындары да бар. Әрине, ешқайсысы ерігіп немесе уақыт өткізу үшін келмейді. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан «Нұр Отанды» арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Кей жандардың ащы үндері мен көз жастары араласып қойылып жататын сұрақтармен жұмыс істеу осы бөлімге жауапты адамнан аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді.
<img class="aligncenter wp-image-5086 size-full" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/12/-e1481876193463.jpg" width="800" height="634" />Міне, осындай әлеуметтік сұрақтардың қайнаған ортасында бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан білікті маманның бірі де, бірегейі – Дархан Жұмаділов. «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі ретінде оның атқарған істері өте көп әрі орнықты. Қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түсетін барлық сұрақтардың шешімін табу бағытындағы тиісті жүмыстарды жүзеге асыру соның мойнында. Атқарушы, өкілеттілік құрылымдарының мекемелеріне хат жазу-жауап сұрау, сұрақ иелерін тиісті мамандармен, депутаттармен жүздестіру, әкімдер мен мекеме басшыларының қоғамдық қабылдауын өткізу өзге де шараларды заң аясында жүзеге асыру мәселесінде Дархан Дулатұлы әбден машықтанып алған.
Әр еңбектің еленетін сәті болатыны секілді Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясының республикалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлімі» байқауында Дархан Жұмаділов үшінші орынды иеленді. Осы республикалық байқаудың алдында өткен облыстық байқауда ол бірінші орынды ұтып алған болатын. «Нұр Отанның» барлық филиалдары арасында өткен кокруста Дарханның Қоғамдық қабылдаудың үздік маманы ретінде танылуы өз құзырындағы қызметті зор жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен жалғастырып келе жатқандығының жемісі.
Ол атқарған жұмыстардың бірқатарына тоқтала кетсек, 2015-2016 жылдардың есеп беру мерзімі кезінде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардан 1108 сұрақ келіп түскен. Оның 331 жазбаша, 373 ауызша болса, 404 сұрақ қоғамдық қабылдау барысында келіп түскен сауалдар. Олардың 376 сы немесе 34% оң шешімін тауып қалған сұрақтар бойынша заң аясында құқықтық кеңестер беріліп, құзырлы органдарға қарауға жолданған.
Тұрғындардың қоғамдық қабылдауға көптеп келуін халықтың партияға деген сенмінің арта түскендігімен байланысты. Барлық сұраққа дер кезінде көңіл бөлініп, тиімді шешім табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан ел сенімі жыл сайын молая түсуде. Әсіресе, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың оң пікірін арттыра түсті. «Әділет кеңес береді», «Бизнестің жол картасы-2020», «Мемлекеттік қызметкер және кәсіпкер» өзгеде тақырыптық бекітілген кестеге сәйкес өтіп, олардың саны 90 ға жетті. Осы тектес тақырыптық қабылдаулар жұрт көкейіндегі сұрақтарға көзбе-көз жауап алуларына жол ашты.
«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы құрамында 26 бастауыш партия ұйымы, 12089 партия мүшесі бар облыс аумағындағы ең ірі құрылым. Ірі құрылымның аясында атқарылатын іс-шаралар да аз емес әрі ауқымы да кең.
Арамыздан Үздік қызметкер атанып жатқан Дархан Жұмаділовты әріптестері мен барлық партияластары Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңындағы жетістігімен құттықтап, алдағы күндеріне де зор табыс, таусылмас қуат тілейді.
<strong><em>«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы. </em></strong>
<strong><em> </em></strong>
«Нұр Отан» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлімі. Әлеуметтік бағыттағы түрлі сұрақтардың да «қызуы көтеріліп» жататын жері осы Қоғамдық қабылдау алаңы. 340 мыңдай тұрғыны бар Семейдей ауқымды шаһардағы партия филиалында бұл бағыттағы жұмыстың қат-қабат екенін біреу білсе, біреу білмес. Сол қат-қабат жұмыстың жігін жатқызып, түйінін тарқату қоғамдық қабылдауды жүргізіп отырған маманға тікелей байланысты. Ашығын айтқанда, партияның қоғамдық қабылдауына көбінесе сұрағының шешімін таппай жүрген, көңілі әлдебір реніштерге толы жандар жиі бас сұғады. Түрлі мекемелердің жауаптарына көңілі толмаған тұрғындар бар «ашу-ызаларын» осы қоғамдық қабылдауда ақтарып салып, «бір жеңілдеп» қалатындары да бар. Әрине, ешқайсысы ерігіп немесе уақыт өткізу үшін келмейді. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан «Нұр Отанды» арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Кей жандардың ащы үндері мен көз жастары араласып қойылып жататын сұрақтармен жұмыс істеу осы бөлімге жауапты адамнан аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді.
Міне, осындай әлеуметтік сұрақтардың қайнаған ортасында бірнеше жыл қатарынан жұмыс істеп келе жатқан білікті маманның бірі де, бірегейі – Дархан Жұмаділов. «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі ретінде оның атқарған істері өте көп әрі орнықты. Қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түсетін барлық сұрақтардың шешімін табу бағытындағы тиісті жүмыстарды жүзеге асыру соның мойнында. Атқарушы, өкілеттілік құрылымдарының мекемелеріне хат жазу-жауап сұрау, сұрақ иелерін тиісті мамандармен, депутаттармен жүздестіру, әкімдер мен мекеме басшыларының қоғамдық қабылдауын өткізу өзге де шараларды заң аясында жүзеге асыру мәселесінде Дархан Дулатұлы әбден машықтанып алған.
Әр еңбектің еленетін сәті болатыны секілді Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясының республикалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлімі» байқауында Дархан Жұмаділов үшінші орынды иеленді. Осы республикалық байқаудың алдында өткен облыстық байқауда ол бірінші орынды ұтып алған болатын. «Нұр Отанның» барлық филиалдары арасында өткен кокруста Дарханның Қоғамдық қабылдаудың үздік маманы ретінде танылуы өз құзырындағы қызметті зор жауапкершілікпен, кәсіби біліктілікпен жалғастырып келе жатқандығының жемісі.
Ол атқарған жұмыстардың бірқатарына тоқтала кетсек, 2015-2016 жылдардың есеп беру мерзімі кезінде «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардан 1108 сұрақ келіп түскен. Оның 331 жазбаша, 373 ауызша болса, 404 сұрақ қоғамдық қабылдау барысында келіп түскен сауалдар. Олардың 376 сы немесе 34% оң шешімін тауып қалған сұрақтар бойынша заң аясында құқықтық кеңестер беріліп, құзырлы органдарға қарауға жолданған.
Тұрғындардың қоғамдық қабылдауға көптеп келуін халықтың партияға деген сенмінің арта түскендігімен байланысты. Барлық сұраққа дер кезінде көңіл бөлініп, тиімді шешім табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан ел сенімі жыл сайын молая түсуде. Әсіресе, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың оң пікірін арттыра түсті. «Әділет кеңес береді», «Бизнестің жол картасы-2020», «Мемлекеттік қызметкер және кәсіпкер» өзгеде тақырыптық бекітілген кестеге сәйкес өтіп, олардың саны 90 ға жетті. Осы тектес тақырыптық қабылдаулар жұрт көкейіндегі сұрақтарға көзбе-көз жауап алуларына жол ашты.
«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы құрамында 26 бастауыш партия ұйымы, 12089 партия мүшесі бар облыс аумағындағы ең ірі құрылым. Ірі құрылымның аясында атқарылатын іс-шаралар да аз емес әрі ауқымы да кең.
Арамыздан Үздік қызметкер атанып жатқан Дархан Жұмаділовты әріптестері мен барлық партияластары Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңындағы жетістігімен құттықтап, алдағы күндеріне де зор табыс, таусылмас қуат тілейді.
«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы.