Қытайлықтарға тұрмысқа шыққысы келетін қазақ қыздарына шетелдіктерді алдымен мұсылман етіп алып, сосын барып қана тиіңдер дейтін біртүрлі “талап” қоюға мүлде болмайды. Бұл әңгіменің түп-төркіні қайдан шыққанын білмеймін. Бізде кез-келген тақырып қазір тегін қозғалмайтын болып кетті ғой. Бұл да ертең көзі қысық көршілерімізден осы үшін арнайы ақша алған әлдебір сатқынның жеке лоббиы болып шығуы да ықтимал.. Қытайлықтармен некелесуге дәл осылай (жүз жерден мұсылман қылсақ та) «добро» беретін болсақ, жиырма жылдан кейін олардан туған үрім-бұтақты өз алдына үлкен диаспора (дұнғандар сияқты) деп тануымызға тура келеді. Олай істесек – қытай экспансиясына қолдан бата бергендей болып шығамыз. Жерді жалға алу арқылы ойындағысын іске асыра алмаған көршілеріміздің бұл екінші бір жымысқы жоспары болып шығуы да мүмкін ғой.. Қазақ қыздары сол Қытайдың өзінде де діні бөлектерге емін-еркін байға тиіп жатыр. Ал діні мен ділі әбден әлсіреп, ұлттық «иммунитетінен» жұрдай болған Қазақстандағы қандастарының мұндай бастамасына көз жұмып қарасақ, бұның соңы қытай экспансиясына ұласатын ұлттық трагедияға алып келуі мүмкін. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Шүршіттің баласының анасы болса, қалай ол қазақ қызы болады? Осыны неге ойламаймыз? Моңғолияда олар өздерінің мұндай мыңжылдық стратегиясын былай деп айтады екен: «Олардың жерінде күріш өсіріп, құрсағында бала өсіреміз»… Қазір кез-келген мемлекет ханьдықтармен арадағы некеге күдікпен қарайтын болған. Өйткені олардың артында қытайдың сөзін сөйлейтін тағы бір «бесінші колоннаны» дүниеге әкелетін үлкен қауіп-қатер (риск) жатқанын жақсы түсінгеннен кейін солай істейді…