Лондонда тапа тал түсте ерттеулі ат автобусқа мінбек болды. Шамасы жылқыға қоғамдық көліктің жолаушысы ретінде қала аралау қызық болған сыңайлы, деп хабарлайды Baq.kz.
Көшедегі қызықты көрініске Джерси аралының әкімі Саймон Кроуфорд куә болған. Ол қалтасынан ұялы телефонын алып, мұны суретке түсіріп алыпты.
Сөйтсек, атты полиция офицері Дэн Смит кәдімгі рейстік автобуста аяқ астынан ауырып қалған ер адамға көмек көрсету үшін аялдаған екен. Астындағы аты да оның артынан ілесе автобусқа кірмек болыпты.
Айта кетсек, атты полиция Лондон көшелерінде күн сайын кезекшілік етеді және басқа полиция бөлімшесі сияқты келіп түскен қоңырауларға жауап береді.