Сәрсенбі, Қыркүйек 5, 2018
Негізгі > Детектив > Тұмылдырықты тағдыр

Тұмылдырықты тағдыр

(Болған оқиға желісімен)

Зытып келем, зытып келем. Зытып келе жатқаным қашып келем. Бұл заманымыздың заңғар жазушысы Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы бәрімізге таныс Қайроштың басындағы сәт.  Сол тәрізді бұл да қашып келеді. Бір-ақ оның әрекеті Қайроштың немесе «сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай, мен болдым бір қашқын жан Арқадағының» деа жырлаған Мәдидің кері емес. Бұл  қашу , қолын қаңға малған адамның «суға кеткен тал қармайдының» керімен қылмыс болған жерден жасырын жылыстауы.  Түн орталанып калған мезет. Тастай қаранғы. Төңірек құлаққа ұрғандай тым-тырыс.  Анда-санда үкі үн салады.  Бұл болса түнгі қараңғылықты елемей ұры итше жылға жылғамен өкшесі-өкшесіне тимей зытып келеді. Жол  бойы алуан түрлі сезімге бөленіп, ботасынан айырылған аруанадай өксікті күй кешкен Асан асығыс.. Есі-дерті ауылға тез жету. Бұл  бүкіл мұсылман қауымы өте қасиетті, мәртебелі мүбәрәк Рамазан айын қарсы алып,  бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді деген нық сеніммен отыз күн оразаларын тұтып айтқа аман-есен  жеткендеріне тәуба айтысып жатқан кез.

Асан болса «Рамазан айы келгенде “Ей жақсылық иесі, жақсылыққа жүгір! Жамандық иесі, сен жамандықтардан қолыңды тарт” деп айтылады.» (Нәсаи)

Аллаһу та’ала тарапынан жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман көретін құлы болса қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ауыр болуына және Аллаһу та’аланың бұрынғыдан да көп оны жек көруіне себеп болады.  (Мәуиза-и хасәнә) деп құран кәрімде айтылған  уағыздарды санасынан сырып тастап, күнә арқалап түнделете саяқ қасқырша бой тасалай бүлкілдеп безіп келеді.

Ол бір сәт  ентігін баспақ боп шөбі қалындау өзекке келгенде тыныстауға тізе бүкті.  Ауылға баратын күре жолда көрінген жарық  онсыз да қорққанға қос көрініп келе жатқан Асанды  селк етекізді. Таудан соққан өкпек жел ызғары  өнменінен  өтіп барады. Түн салқынынан болмаса жасаған әрекетінен бе тұла бойы қалш-қалш етеді. Ол атасын ойлады. Шіркін балалық! Қайғысыз, қамсыз қайран балдәурен шақ. Бауырына басып тірі жетімегім менің деп емеріне маңдайын сипайтын атасының күсті алақанын сағынды.

Асан жылға жылғаны жағалай мысық жүріспен  ел көзіне түспей үйіне келгенде ауылдан 9 шақырым жерде орналасқан қыстақта орын алған  адам өлімі туралы  хабар да ауылға артынан қуа жеткен болатын. Хабар құлағына тиген поселкалық полиция бөлімшесінің кезекшісі дереу оқиға туралы Семей қ. ІІб кезекші бөліміне хабарлайды. Қаладан құрамында криминалдық полиция жедел уәкілдері Данияр  Жарылғапов,  Талғат Нәдірбеков тергеуші Аманжол Тілеубердин бар топты аттанады. Олар келгенде ауылдық бөлімше қызметкерлері  орын алған ауыр қылмысты ашуға бағытталған шаруаны бастап кетіпті. Олардың айтуы бойынша  7 тамыз күні шамамен түңгі сағат 11 кезінде белгісіз біреу қыстақтағы шару қожалығының 53 жастағы иесін аяусыз пышақтап кеткен. Жәбірленушінің өліміне кеуде тұсынан 4 арқасынан салынған 1 пышақ жарақаты себеп болған. Жәбірленушінің әйелінің айтуы бойынша үйде екеуі ғана болған. Өзінің телевизор қараған соң көзі  ілініп кеткенін. Тарс еткен дыбыстан оянып, күйеуінің артынан  шықса кіре беріс дәлізде  арыстай боп сұлап күйеуі  жатыр. Маңайда ешкім жоқ .  Басында жүрегі қысып құлады ма десем кейіннен қанды көріп дереу ауылдағы туыстары мен таныстарына телефон шалған.

Айқайлаған дауысың ана шеті мен мына шетіне еркін жететін,  кімнің тауығының мезгілсіз шақырғанын күні бұрын біліп отыратын ауылда осы қылмыс туралы көрген білгендер әзір шығар емес. Күні бойы ала-шапқын болып жүгірген полицейлер кешкілік бас қосып қордаланған деректерге дәйектеме жасауға отырды. Бөлімше қызметкерлерінің айтуы бойынша әзірге күдіктіні табатын дерек көзі табылмай тұр. Барлық жақын-жуықтарынан, ауылда тұратын ұлынан жауап алынды. Олардың аталмыш қылмысқа қатысы жоқ сияқты. Бәрі сол күні ауылда болған. Сыртан келген бейсауат адам немесе көлік байқалмаған.

О, баста күдік оның әйеліне  туады.  Себебі қылмыс болған мезетте қыстақта екеуі ғана болған. Мүмкін жанұялық жанжал барысында….. Қазекем айтпақшы «қатын қайраттанса қазан қайнатадының» кері келмеске кетіп кейінгі кезде талай ауыр қылмыстар осы нәзік жандардың қолымен жасалып жатыр емес пе. Өйткені қорадағы мал түгел. Алайда  жүргізілген тергеу, іздеу жұмыстары барысында   әйелдің ар алдында да, адам алдында да ақ, қылмысқа қатысының жоқ екендігі белгілі болды.  Алақандай ауыл адамдарының  жас, кәрі, еркек, әйел демей барлығынан жауап алынады. Олар тарапынан қылмыс ашылуға мұрындық болатын мардымды мәлімет шықпады. Ауылдағы араққа үйір, бұрын мал ұрлығы үшін істі болғандармен арнайы жұмыстар, тіпті астыртын жұмыстар да жүргізілгенмен олардың ауылда жасалған ауыр қылмысқа қатысы айқындалмайды. Ауыл адамдарынан  осы жан түршігерлік істі кім жасауы мүмкін деп сұрағанда көбі жәбірленушінің ауылда тұратын ұлынан күдіктенетінін айтты. Себебі олардың араларынан қандай қара мысық жүгіріп өткені беймәлім  мүлде араласпайды. Баласы ауылда ата-енесінің қолында тұрып жатыр. Соқталдай  ұлын қасына алып өзінің шаруа қожалығының бір жағынан шығатын көмекшісі ретінде қолына алуына болады ғой. Алайда, олардың бір-бірімен  барыс-келісті үзгендеріне талай уақыт болғанымен бөлісті.  Алғашқы күні-ақ ұлын бөлімге әкеліп жауап алғанда бұл іске өзінің титейде қатысы жоқтығын, сол күні өзінің ауылда үйінде болғанын айтып шыр-пыр болды. Оның айтқанын әйелі де қостап отыр. Нақты дерек болмаған соң амалсыз үш сағаттан соң босаттық. Ол қазір әкесінің  жан-жақтан келген туыстарымен бірге әкесін ақтық сапарға шығарып салудың қамымен шапқылап жүр.

Қылмыс болғалы төрт тәулік өтті.

Әзірге істің ашылуына сеп болар жіп ұшы қолға ілінер емес.

Қылмыстық іс бойынша жиналған материалдарды қарап отырған Аманжол:

-әріптесі Талғатқа жиналған деректер жаудың алыстан келмегеніне меңзейді, осы     кеше мен жәбірленушінің ұлынан қайыра жауап алғанда «сезікті бұрын секірер»- демекші әкесінің өліміне қатысы бар-жоғын сұрамасам да қарадай  өзінен өзі ақталып,     ата тәрбиесін көргенін. Атасы оны  жасынан қазақи тәрбие саумалымен сусындата тәрбиелегенін,  керектігін бала жастан санасына сіңіргенін.      Жаннат есіктері ашылатын, Жаһаннам есіктері жабылатын. Шайтандар шынжырлармен байланатың,  (мейірімділік) есіктері ашылатын қасиетті Рамазан айында туған әкесіне қол көтермек тұр ғой қыбырлаған құмырсқаға  зиян тигізудің өзі күнә екендігін айтып  ақталып бақты.  Сондықтан  «ұрының арты қуыс»  дегендей пәленің осыдан келуі мүмкін. Осыны толық қанды зерделейік деді.   Осы мезетте ауылдық полиция бөлімшесінің бастығы:

– Айтпақшы жігіттер жәбірленуші бізге  30-шы шілде күні  өзінің қорасынан бес бас қой қолды болғаны туралы шағымданды,  осы хабар бойынша оқиға орнын қарау кезде белгісіз біреудің үй иесінің   мал қамайтын қора есігінің жақтауына қолында пышақ ұстаған ер адамнын,  оған қарама-қарсы тілін щығарып тұрған бала суреті бар, астында шамамен «өмірден өз үлесіңді ал»- деген жазуы бар газет қиындысын қыстырып, мал суаратын құдықтың шләнгісін байлап, спутниктік антенаның қабелін шешіп кеткені айқындалған.  Осы бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіу барысында мал ұрлығы фактісі дәлелденбеді, ал осы әрекетті жасаған адам  кім екені анықталмағанымен бөлісті. Сол сәтте тергеуші Аманжолдың алдында жатқан оқиға орнынан тәркіленген газет қиындысына көзі түскен  ауылдың учаскелік инспекторы:

Есіңізде ме, кәсіпкерді өлтірген күннің ертесінде оның ұлынан жауап алуға үйіне барғанда  стол үстінде жатқан «Моя семья» газетіне көзім түскен. Мына қиынды да «Моя семья» газетінен емес пе. Мүмкін мына бет сол  газеттен алынған  болуы мүмкін. Полицейлер осы жорамалды анықтау мақсатында ертесін оның үйіне тінту жүргізу қажет деген ұйғарымға келді. Сонымен қатар Аманжол Талғат пен Даниярға бөлімше жігіттерімен бірге ақырғы кезде оның мінез-құлқында, әрекетінде өзгерістің бар жоғын білу үшін   бауыр ет бауырларын ақтық сапарға жөнелтуге келген туыстарынан қайта сұрақ алу керектігін тапсырады. Тінту нәтижесінде оның үйінен шыққан газет пен қыстақтан тәркіленген газет бөлігінің сәйкестігі нақтыланып, монша пешінің маңдайшасынан тура сол беттің жартысы табылып тәркіленеді. Қылмысты іздеу қызметкерлері жауап алған туыстары бір ауыздан оның кейінгі кезде бір түрлі боп бозарып, қарадай қуыстанып жүргенін,   кешке жатарда басына пышақ жастап жатқанын байқап қалып,  мәнісін сұрағанда:

-өзінің   қорқатынын, әкесіне қастық қылғандардың мұнда қайыра соқпасына кім кепіл, сақтықта қорлық жоқ екендігімен түсіндіргенін, ал, өгей шешесі болса өткенде  әкесінің жеңіл көлігін жерлеу қамымен туыстарының біреуі теуіп кеткенде:

–  неге бересің?- деп өзінен жатып келіп ренжігенін , бір көліктің үй алдында  қантарулы тұруы қажеттігін, біреулер іздейтін болса қашуға керек екендігін айтып бұлқан талқан болғанын жеткізді.

Полиция қызметкерлері осының бәрін таразылай келіп неде болса  көңілі қыс, жүрегі мұз, жаны қар жүгірмектің әкесінің өліміне қатысы бар болуы мүмкін,  онымен тікелей айланысу қажет деп шешеді.  Одан жауап алмас бұрын алдымен оның әйелінің тамырын басып көрмек болып шешеді. Әйелін бөлімшеге алып келіп Аманжол одан:

-Күйеуің  тамыздың 7-8-е қараған түні қайда болды деп сұрағанда ол шімірікпестен «үйде болды»-деп бет бақтырмады. Аманжол болса оған:

– қарындас мен сізді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініңде жалған айтқан жанның жауапқа тартылатыны туралы арнайы бап барын ескертем. Неге сіз тергеудің дертесін басқа жаққа бұрумен әуіресіз? Қылмыс жасаған күйеуіңізді қорғаштаймын деп өзіңіз қылмыс жасап отырсыз. Қылмыстық істі жүргізу кодекісінің талабы бойынша мен сізді қамауға мәжбүр болам. Күйеуің болса көрші кабинетте әкесін өзі өлтіргенін толық  мойындап отыр, ал сен болсаң сол күні үйде болды деп жалған сөйлеуден таңбайсың деп психологиалық қысым жасаған сәтте  жылап жіберіп:

– Расында да ол сол күні үйге түн ауа келді. Келе моншаға кіріп жуынып, мұның қайда болдың деген сөзіне.

-Шатағың болмасын деп гүр ете түсті де,  төсекке жантаяр сәтте:

-« Есіңде болсын егер ертең полиция  немесе басқа біреулер мені қайда болды деп сұраса үйде болды, еш қайда шыққан жоқ деп айтасың деп шегелей тапсырды. Таңертең ерте оны учаскелік инспектор алып кетті. Полиция бөлімінен келген соң күйеуі.

– «Мен қыстаққа әкемді жерлеуге кеттім. Келгенше моншадағы киімдерім мен дәлізде тұрған кросовканы өртеп жібер-деп тапсырды. Менің

-Не әкеңе қол жұмсаған сенбе ?-деп едім

-Сенің есің дұрыс па ? Не оттап тұрсың деп»- ала көзімен атып қыстаққа аттанып кетті. Алғашқы күні оны полицейлер алып кеткенде олар абырой болғанда  монша ішіне бас сұқпады. Сұқса, сол кезде  қанішердің қан-қан киімідері моншада жатқан болатын. Дұшпаның да қатерлі емес ондайда, тек туыстың жалтақтығы қауіпті демекші туған баласы әке өліміне қатысы бар деген ой сол сәтте талай құқайды көрген полицейлердің ойына да келмегенді.   Ол кеткен соң төсекте бастары, табалдырықта тағдырлары қосылған әйелі күйеуін қорғаштаймын деп барлық киімдерін пешке жағып жібергенін айтты. Ол солай істеуге мәжбүр болғанын айтып ақталды.    Осыдан кейін күйеуін  тұтқындап, сезікті ретінде жауап алғанда барар жер басар тауы қалмаған ол оқиғаның қалай өрбігенін жайып салады.

Жалпы мұның өмірі бір шытырман .  Жетімдіктің қамытын мойнына ерте ілді.

Әкесі тірі болса да. Бұл шамамен 6 жасқа толғанда ата-анасы белгісіз себептермен ажырасады. 1982 жылғы апайы мен 1989 жылғы бауыры әкесімен қалады да бұл анасының артынан  кетеді. Қалаға келген соң анасының жай күйі болмай кейіннен ішімдікке үйір бола бастайды. Бауыр ет баласы жайына қалады. Ұзақты күн аш құрсақ болып, жеуге нан таппаған кездерді де басынан өткерді. Ұлы мен келінінің ажырасуы арқасына аяздай батып жүрген атасы ұзын құлақ арқылы анасымен кеткен немересінің жағдайы болынқырамай жүргенін ести сала  өкпесін сүйретіп іздеп келіп мұны қолына алады. Кейіннен шамасы 1995 жылы болу керек анасы өзіне өзі қол жұмсап қалада қайтыс болады. Бұл атасының тәрбиесінде қалады. Ол кезде әкесі басқа әйелмен қалада тұрып жатқанды. Жалпы әкесі жеті әйел алған. Еңбекпен есейген еңбек адамы атасы бұны да жастайынан еңбекке баулып, мал бағуды үйретеді. Жастық дәурені ата-әжесінің қолында қыстақта өтеді. Өзектен тебер ешкім жоқ. Атасы мен апасының қолындағы жылдар-ай. «Қолғанатым» -деп  атының алдына отырғызып, еміренген сәттер де келмеске кетерін ойлаппа сол кезде. Әкесі өзінің кезекті әйелінің бірімен 2002 жылы Семейден ауылға көшіп келді. 2006 жылдың күзінде атам ауырып мал-жанға бас-көз болатын адам керектіктен   әкем  ауылға қыстаққа көшіп келеді. 2007 жылы атамды ақтық сапарға шығарып салған соң мен үшін нағыз қоңырқай, сұрғылт күндер басталды. Білмеймін атамның бар мал мен қыстақты осы немереме табыстаймын деген сөзін кек алды ма кейіннен  мұны ақырын шеттете бастады. «Жетім қозы тас бауыр түңілерде оттығар»- демекші атасы марқұм болған соң ол өгей шеше мен өзінен қарадай жеріген әке тәрбиесінде қалады.  Отырса опық, тұрса сопық қылған өгей шешелерге шыдамаған ол басында ауылда тұратын әкесінің ағасының қолына кетіп сонда жүреді. Кейіннен әкесінің ағасының қолында жүріп  сол ауылдың бір бойжеткенімен тағдыр қосады  да, үйленген соң ата-енесінің қолына күшік күйеу болып кіреді.  Өзінің өмірлік жары да әке көңілінен шықпай онсызда қиуы кетіп жүрген арадағы қатынас ширыға келіп мүлде үзіліп тынады. Ебепке себеп деген де.  Екі қолға бір күректің керімен ол кез келген қара жұмысты атқарып жүріп жатады. Екі сәбиі дүниеге келеді. Ауыруда шаншу, сөзде қаңқу жаман демекші ағайынның артынан өз әкесі, әкесінің шаруа қожалығы бола тұра кісі есігінде жүргені несі деген пыш-пышты естімейді емес. Өзі болып бірнеше рет әкесінің алдына барып қолына келмек ниетін білдіреді. Алайда әкесі ат тоңын ала қашып, егер қолыма келсең жалғыз кел, малай ретінде жұмсаймын дегендей болды.  Соңғы рет осы жылдың наурыз айында әкеммен сөйлесу үшін қыстаққа бардым. Себебі  сарафан радиосы арқылы әкем семейге көшпек , тіпті көшерінде бар мал -мүлкін соңғы жетінші өгей шешемнің қызының атына жаздырмақ деген сыбыс естідім. Мәнісін білмек болдым.  Әкем мені суық қарсы алды. Сөз арасында тіпті ол сен менің кіндігімнен емессің дегенге дейін барды. Себебі маған беймәлім. Жердің үстімен келіп, астымен кеткендей болдым. Осылай әкеме деген өкпем еселене берді. Бірақ әкемді жамандыққа қиған емеспін. Дегенмен өзімнің балалық шағым өткен қыстақты өзгеге қимадым. Тіпті қорадағы малда да өз еңшім бар деген ой жаныма тыныштық бермеді. Содан ойыма әкемді қорқытсам, менен қорғаныш іздеп қасына шақырар деген оймен 30 шілде күні кешқұрым ауылдан қыстаққа қарай жаяу тарттым. Қыстаққа келген соң ел көзіне түспей қора есігін ашып бұзауларды далаға шығарып, есік маңдайшасына өзіммен бірге алып келген газет парақшасын қыстырып, тарелканың кабелін суырып, құдық шлангісін байлап ауылға қайттым. Әйелімнің қайда болдың деген сұрағын жауапсыз қалдырып жатып қалдым. Ертесінде әкемнің «ұлым! маған көз алартқандар пайда болды, қасыма кел»- деген звоногін тостым. Алайда әкем хабарласпады. Шыдамым таусылған соң амалсыз өгей шешемнің телефонына хабарласып, түк білмегенсіп:

-Не мал жоғалды ма?- дегенімде

– жоғалғаны рас, оған неғып сенің емешең езіле қалды деп трубканы тастай салды. Ойым жүзеге  аспаған соң бірнеше күн дел-сал болып жүрдім.   «Сусаған мал суатқа жүгіреді, Сұңғыла жан мұратқа жүгіреді»- демекші бұл сұңғылалық таныта алмай күнделікті күйбін тіршіліктің кернеуінен керіліп шыға алмай-ақ қойды. Жеке бастың тізгінсіз нәпсісі  аранның мезгі керуенінің соңынан ұры итше ілесе бергенді. Есі дерті  атасының қыстағы. Ондағы мал. Соған қалай да иелік ету. Сананы иектеген осы ой ақыры ағымдағы жылдың 7-тамызында  ауылдың малын өрістен  әкелген соң  сғат мөлшермен 21.30-да әкесінің шару қожалығына қарай жетелейді. Қолына ағаш сапты ас үйдегі пышақты қыстыра кетеді.  Сағат 23.00-де қыстаққа келіп есік қағады. Есікті жеңіл киінген әкем ашты. Мен амандасып,

-« айт қабыл болсын!» дегенімде ол.

«-жеті қаранғы түнде айтшылағаныңа жол болсын» деп ашуланып мені кері итере бастады.  Сол мезетте мен оң қолымдағы пышақты оның кеуде тұсын мөлшерлей  1-2 рет  сілтедім. Ол кескен теректей   маған қарай жантая берді. Мен тағы бірнеше рет пышақ сермедім де , қолымдағы пышақты тастамастан кері қаштым.

«Кінәлі қандастарым! Құрдымға күлген құлқынға құрады малдастарын»- деп Аманғазы Кәрібжан жырлағандай осының бәрі ата қазынасы қыстақ пен азынаулақ қалған малға деген  талас, соны меншіктесем деген масылдық мұрат ақыры ауыр қылмысқа алып келді. Арыстай әкесін сұлатып салған соң «қашайын деген киік еді, артына таяқ тиіп едінің» керімен алды артына қарамай тұра қашады.

Адамзат- еш теңдесі жоқ, баға жетпес құдіретті жаратылыс. Адамды майып қылып өлтірмек түгел, оған қол тигізудің өзі үлкен күнә. Әлемдегі салауатты қоғам, халық, тайпа бірде- бір пендесін жәбірлеуге жол бермеген және қаскүнемді қатаң жауапқа тартқан. Қазақ халқы  ерте заманнан-ақ қастандықпен кісі өлтіруді кешірілмес қылмыс санап, күнаһарларды аяусыз жазалап отырған. Бұл да жазасын заң алдында толықтай алатын болады. Қазір ҚР қылмыстық кодексінің 96- бабымен қылмыстық іс қозғалып тергелуде.  Жынды әкесін байлап қойып баққан қазақи,  байсалды қоғамда болмашыға бола әкесіне қол көтерген бала әрекетін көріп «мал құлағы саңырау»,  өзімен кетсің, лағнет! Лағнет! демеске лажы жоқ.

Елубек Оспанов,

полиция  подполковнигі,

Семей қаласы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation