Жоқшылықта да, астатөк дүниенің де ортасында өспедік.
Жаңа пісілген майды қарынға салар алдында тұздап, қылшықтап алатын. Қылшықтап дегеніміз – майға пышақты тығып (басқа затпен де болады) , ары бері тартып кескілейтін. Сол кезде бірен-саран қылшық пышаққа оралып шығатын. Кейін алақанымызды төсеп, үлкен бір сығым майды (іркітінен бөлінген аппақ май) уысымызға салып бергесін жалап жүретін едік. Жаңа майда іркіттің дәмі кете қоймаған қышқыл, әрі тәтті келетін. Алақанымыздағы майді жалап бітіргенше қолымыздың сатпағы бір кетіп, ағарып қалушы еді.
Сол қарын май шірімей, келесі көктемде біткенде майдың дәмі қарынға әбден сіңетін еді. Ал қарынды тастар алдында оны да бір жалап алып, тастайтынбыз. Витаминнің көкесі осы болар.
Нұрбол Ханағат
PS. Қала баласы болдық. Тас қаланың тірлігіне де көндігіп кеттік. Нұрбол Ханағат есімді ФБ қолданушысынң жоғарыдағы жазбасын оқып қалып, балалық шағым есіме еріксіз оралды. Қайран менің жайлауым, қайран менің қара апам! Сағындым сендерді…