Дүйсенбі, Қыркүйек 17, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр

Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр

Алматы қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр, – деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі.

Қазақстандық үш телеарна (“Қазақстан”, “Хабар” және KazSport)  тікелей эфирде көрсетіп жатқан бұл шара, “Алматы Аренада” салатанатты түрде өтіп жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты шара әлемнің 80 елінде көрсетіліп жатқан көрінеді.

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында басталған Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысып, 12  спорт түрінен бақ сынады. Универсиаланың медальдар есебінде Қазақстан 36 медальмен екінші орын алды – 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальдар. Бірінші орынды 29 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы алды.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation