Осы жылы еліміздегі 3 мұнай өңдеуші зауыттың қайта жөндеуден өткізілуі толығымен аяқталады,-деп хабарлайды “Жерұйық” порталы.
Демек, еліміз келесі жылы өзін толығымен жанармаймен қамтамасыз ететін болды. Ал, мұнай өндіру көлемі жылына 2 млн тоннаға дейін артады. Және жанармай, дизельді отын, керосинінің өндірісі де көбейеді. Ондай жағдайда басқа елдерден бензинді импорттаудың да қажеттілігі азаяды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық жанармайдың үштен бірі Ресейден келеді. Келесі жылы импортты бұл көрсеткіштен әлдеқайда аз әкелетін болдық. Бұл туралы нарықтық БАҚ көздері хабарлады.