Сәрсенбі, Қыркүйек 5, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Шыңғысханның қабірі табылды! Сенейік пе?

Шыңғысханның қабірі табылды! Сенейік пе?

http://old.qamshy.kz

Жарты әлемді жаулап алған Шыңғыс ханның қабірі қазақ даласында жатыр екен. Оңтүстік Қазақстан облысының көріпкелдері осылай дейді. Тіпті Арыс қаласының солтүстігіндегі «Лесхоз» ауылының маңындағы хан қабірін қазу жұмыстарын да бастап кеткен. Бірақ ханның қабіріне небәрі 30 сантиметрдей ғана жер қалғанда жұмыс тоқтап қалған. Ары қарай қазуға рұқсат жоқ екен.

Көріпкел келіншектің айтуынша, қазба жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға Шыңғыс ханның әруағы кедергі келтіріп отыр-мыс. Егер Нұрсұлтан Назарбаев осы жаңалықты естіп, қабірді ашуға рұқсат берсе ғана оның қабірін ашуға болады екен. Сонда елімізде оң өзгерістер орын алады-мыс.
Көріпкелген түсінде Шыңғыс ханның өзі келіп, қабірінің қай тұста жатқанын айтып берген. Осыдан соң ол отбасымен бірге қазба жұмыстарын бастап кеткен. Бұл хабар қоғамда көп талқыға салынды. Ал кәсіби тарихшылар болса, көріпкелдің болжамын өтірікке балап отыр.

«Шын мәнісінде бұл нағыз ақымақтық. Шыңғыс ханның моласы Оңтүстік Қазақстан облысында деп жүргендер алғашқылар емес. Бұндай болжамды осыдан 10 жыл бұрын Көктенді тұрғыны жазған болатын. Тіпті ОҚМУ студенттерін жинап алып, көптің алдында: «Мен білемін» деп мәлімдеме де жасады. Бірақ ол ханның моласы Шардара ауданында жатыр деген еді. Ол бұл мәліметтерді рулық шешіреден алған екен. Айтуынша, Укаш ата деп аталатын Қоңырат тайпасының қауымдық зиратының бір бұрышына Шыңғыс хан жерленген. Енді міне, тағы бір азаматтар шығып отыр. Олардың көрсетіп отырғаны мүлдем басқа өңір», – дейді белгілі ғалым, өлкетанушы Алексей Гончаров.

Тарихшы Шыңғыс ханның  Таңғұт мемлекетімен болған соғыста қаза тауып, қазіргі Моңғолия жеріндегі Бурхан-Халдун тауының аймағында жерленгендігін де атап өтті.

«Қасым-Ақпарат»

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation