Бүгін «Семей қаласы бойынша №1 ШҚО Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» грек-рим күресінен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалық Одағына еңбегі сіңген жаттықтырушы Болат Тұрлыхановтың Кубогы, дәстүрлі 22-ші Халықаралық турнирі шымылдығын ашты. Екі күнге созылатын байрақты бәсекеге Армения, Белорусь, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей әрі Қазақстан құрама командаларының балуандары қатысуда,-деп хабарлайды zheruiyq.kz.
Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Е.Б.Сәлімов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Б.Қанағатов, Әлем әрі Олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров, Кеңестер Одағының жеті дүркін чемпионы, Біріккен күрес Әлемі, Халықаралық Федерация бірлестігінің Бюро мүшесі, Қазақстан Республикасы Грек-рим күрес федерациясының құрметті президенті, қоғам қайраткері, меценат, халқымыздың батасына ие болған атақты балуан Дәулет Болатұлы Тұрлыханов қатысты. Сонымен қатар, барша балуандарымыздың анасына айналған ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Дәулет Тұрлыхановтың анасы Мәрзия Айтбайқызы да қазақ палуандарына батасын бере келіпті.
Бұл турнирде палуандар 7 салмақ түрінен сынға түспекші. Бүгін палуандар 98 , 75 ,59 келі салмақ бойынша күш сынасты.
98 кг салмақ бойынша:
І орын – Никита Мельников (Ресей)
ІІ орын – Илья Зацеляпин (Ресей)
ІІІ орын – М.Биранванд (Иран)
ІІІ орын – С.Старадуб (Белорусь)
75 кг салмақ бойынша:
І орын -Казбек Килов (Белорусь)
ІІ орын -Есен Асанов (Қырғызстан)
ІІІ орын -Абунасыр Өмірзақ (Қазақстан)
ІІІ орын -К.Туголбаев (Қырғызстан)
59 кг салмақ бойынша:
І орын -Бағлан Жақанша (Қазақстан)
ІІ орын -А.Саркисян (Ресей)
ІІІ орын -Урмат Аматов (Қырғызстан)
ІІІ орын -Руслан Итемгенов (Қазақстан)
Бағлан Жақанша – грек-рим күресінен “Болат Тұрлыxанов Кубогы” xалықаралық турнирінің жеңімпазы!
59 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық белдесуде қазақ балуаны ресейлік А.Саркисянның жауырынын жер иіскетіп таза жеңіске жеттіп, 3000 долларды қанжығалады.