Жұма, Маусым 1, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > «ӨС» өрісті болсын!

«ӨС» өрісті болсын!

○ Шүйінші!

Семей қаласында өзгеше бір басылым дүниеге келді. «ӨС» деген атауы Өскемен-Семей дегенді білдіреді. А2 форматта, 8 беттік заманауи дизайнмен өрнектелген газеттің сипаты тың, мазмұны бай.  Алғашқы саны 17 ақпанда жарқ еткен аймақтық басылымның бағыты ақпараттық-сараптамалық. «ТАН» баспа үйі» ЖШС меншігіндегі газеттің Бас редакторы белгілі әрі білікті журналист Сайлау Төлеуов.

Сайлау Төлеуов кезінде облыстық, республикалық газеттердің меншікті тілшісі және жергілікті басылымдардың редакторы болып істеген, қаламы мен қадамы әбден төселген сақа маман. Республикалық «Абай» журналының бөлім меңгерушісі ретінде де сараптамалық, публистикалық жазбаларға машық.

Тәжірибесі толысқан Бас редактор бастаған редакция құрамы жаңа газеттің алғашқы санында Тіл, Ауылшаруашылық, Экономика, және өзгеде тақырыптар төңірегінде сраптамалық ойларды төгілте жазыпты. Ұғынықты тілмен, жүйелі оймен сипатталғандықтан мақалалар көлеміне қарамастан жеңіл оқылады, оқырманды ойландыра алады.

Айтулы газет бүгінгі күнде Семей мен Өскеменнің басылымдар сататын барлық нүктесіне түсіп үлгерген. Ақпарат айдынына өзіндік үні, кәсіби өрнегімен қосылып жатқан жаңа басылымға қырағы оқырман қызығушылықпен қарайтынына күмән жоқ. Газеттің қолдаушысы да, қорғаушысы да ойлы оқырман екенін ескерсек, «ӨС» тің өрісті болуына өз тараптарыңыздан үн қосаңыздар нұр үстіне нұр болмақ.

«Жерұйық»-ақпарат

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation