INRIX компаниясы әлемдегі кептелісі көп қалаларды анықтады.
Ең көп кептеліс болатын қалалар тізімін Лос-Анжелес бастап тұр. Бұл шаһардың тұрғындары былтыр кептелісте 104 сағатын өткізген. Екінші орында Мәскеу екен. Ресей астанасындағы жүргізушілер өткен жылы кептелісте 91 сағат тұрған. Ал, үшінші орынды Нью-Йорк еншілепті. Бұл мегаполистің жүргізушілері кептелісте 89 сағат тұрған.
Одан кейінгі орындарда Сан-Франциско жүргізушілері 83 сағат және Богото жүргізушілері 80 сағат уақытын жолға жұмсаған. Алтыншы орында бразилияның Сан-Пауло қаласы 77 сағатпен тізімге ілігіпті.
Кептелісі көп елдердің қатарында Таиланд бар. Онда жүргізушілер 61 сағатын кептеліске жұмсаса, колумбиялықтар 47 сағат, индонезиялықтар 38 сағатын кептелісте өткізген.