Сенбі, Тамыз 11, 2018
Негізгі > Бейнежазба > Геннадий Головкин Джейкобсты ұпай санымен жеңді (видео)

Геннадий Головкин Джейкобсты ұпай санымен жеңді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жек тартыстқа толы болды. Алғашқы раундтарда қос боксшы бір-бірін барлап, осал тұстарын аңдып бақты. Геннадий жекпе-жек басталғаннан бірінші нөмірде жұдырықтасып, Джейкобсты тықсыра бастады. Ал, америкалық боксшы сауатты қорғанып, қ соққылар жұмсауға тырысты. 4-раундта қазақстандық боксшы оң қолымен ауыр соққы жұсап, Дэниелді нокдаунға түсірді. Алайда тез есін жиып, жекпе-жекті әрі қарай жалғастырды. Жекпе-жек 12 раундқа дейін созылып, жеңімпаз қазылар алқасының шешімімен анықталды.

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин өз атақтарын қорғап қалды. Бұл отандасымыздың 37-ші жеңісі. Головкин спорттық мансабында 36 кездесуде жеңіске жетіп, бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген.

Бұл жекпе-жекті HBO арнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетті.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation