Сенбі, Қыркүйек 16, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Ірі қараны емдеуде шетелдік тәжірибені қолданбақ

Ірі қараны емдеуде шетелдік тәжірибені қолданбақ

Павлодарлық ветеринарлар ірі қараны емдеуде шетелдік тәжірибені қолданбақ,-деп хабарлайды “Жерұйық” порталы 24.кз-ке сілтеме жасап.

Ақсудың Үштерек ауылында орын тепкен тауарлы-сүт фермасына келген неміс сарапшысы мал дәрігерлеріне емдеудің тың тәсілдерін көрсетті. Өткен жылдың көктемінде жергілікті фермаға Бавариядан симменталь тұқымды 600 бас тайынша жеткізілген болатын. Бөтен жердің топырағын олар жатсынбады. Жаңа жерге тез бейімделген мал көп ұзамай төлдей бастады. Хуберт Ханцлердің бұл салада жиған-тергені мол. Отыз бес жыл еңбек өтілі бар маман Қазақстанға Германиядан арнайы келіп отыр. Жергілікті мал дәрігерлерімен бірлесіп, алғашқы төлдерді тексерді.

Бекжан Тайжігітов, мал дәрігері:

– Бұл кісі жас төлдермен жұмыс істеудің көп тәсілін үйретіп жатыр. Мұнда бірінші тәсіл, малдың ең негізгі тәсілі – вакцинация. Вакцинация уақытын өткізіп алмау керек. Хуберт Ханцлер – малды қолдан ұрықтандыру жөнінен бірнеше еңбектің авторы. Шетелдік маман өнімділігі жоғары ірі қараның күтіміне баса назар аудару керектігін айтады. Тіпті сиырдың тұяғының өзі оның денсаулығына қатысты көп жағдайды аңғартады екен.

Хуберт Ханцлер, ветеринария саласының сарапшысы:

– Малдың тұяғын тазаламас бұрын оны мұқият тексеріп алу керек. Өсіп кеткен еттерін кесіп отырудың маңызы зор. Малдың тұяғының іші де, сырты да таза болуы тиіс. Жануардың қоректенуі оның аяқтарына тікелей байланысты болады. Егер тұяқтары ауруға ұшыраса, ол көп жатады, тамақты аз жейді. Ондай мал сүт беріп те жарытпайды. Жергілікті мал дәрігерлері бұған бұрын да назар аударып келген. Шетелдік маманның шеберлік сағатынан олар мал екеш малға да ерекше қамқорлық пен күтім керектігін түсініп отыр. Тауарлы-сүт фермасының ветеринары Әбділмәлік Қазақов жинаған тәжірибесін мал сапасын арттыруға жұмсамақ.

Әбділмәлік Қазақов, мал дәрігері:

– Біз малды ұрықтандыруға байланысты біраз нәрселерге қанық болдық. Өз басым аналық малдың құрсағына ет өскенін қалай анықтауға болатынын үйрендім. Енді бірнеше айдан кейін мал төлдей бастайды. Бұл – Бавариядан әкелінген симментель тұқымды сиырлардың екінші төлі. Авторлары: Карлығаш Қасиетова, Арман Якубов, Алексей Омельницкий

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару