Наурыз келді жамағат! Наурыз келді!
Қуанышпен жар салып, жұртыңды жый!
Ескі-құсқыңды лақтырып, жаңаңды ки!
Жамандықты ойыңнан аулақ таста!
Сынған көңіл, сыйлаған ақпен толсын!
Кесапат, кесір сөздің барлығын тый!
Наурызда самал аялап, жел еседі.
Қыз қылығына майысып гүл өседі!
Талай шайыр өтіпті бұл фəниден,
Əр ғұмырдың көшінен жыр етеді!
Алланың қасиетті бір құлшысы
Аналар-ау өмірдің бір “етегі!”
Пəк киелі Ананың “Ақ етегін”
Күнəға ұшын тигізбей биік ұстаған,
Бабалардың Əруағына басымды исем,
Ақ жүрегім дір етіп, үн жетеді!
Наурыз! Наурыз! Етегі əппақ Сəуір
Құлақ тұсымнан айқайлап күнде өтеді!
Жыл он екі ай ішінде киелі Наурыз!
Қазақтың қазыналы ақ кемесі!
“Бестаңба”,”Ізбөріге” ойып жазған,
“Ғасыр Табақ” өсиетінің “Нұр” көсегі!
Əр көсегінен, көшін тауып сырын айтсам,
О! “Ата Жұрт”, алтын бесігім!
Асыл Байрағым!
Надан болмаса, харам болмаса,
Көсегіңнің көгенін кім кеседі?!!
Əр сөзі, “Архат”- ісі Бабалардың
“Баһарас” – сауап, самал тұрса,
Сауабына сыбырлап жел де еседі!
* “Баһарас”- ежелгі Бабалардың Сақ тілінде айтылған:”Шексіз, өте көп сауапқа толы!”- деген ұғым.