Жексенбі, Ақпан 18, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Шойын жолдың 197-шақырымын тасқын су бұзып кеткен

Шойын жолдың 197-шақырымын тасқын су бұзып кеткен

Кеше түнде «Дегелең-Май» бағытындағы шойын жолдың 197-шақырымын тасқын су бұзып кеткен болатын. Салдарынан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы мен жүк таситын пойыздар Ресейдің Құлынды станциясы арқылы айналып өтуге мәжбүр болды. Алматыға бет алған пойыз  шамамен 16 сағатқа кешігіп жеткен. Қазір  апатты аймақта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Теміржол бөлімшелерінен 140 жұмысшы  тартылған. Белгілі болғаны жолдың су шайып кеткен жері жекеменшікке тиесілі екен. Ал «ҚТЖ» ҰК тек қызмет көрсетумен айналысады.

Сергей Сытник, Павлодар облысы бойынша ТЖД төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің басшысы:

– Бізден  ол жерге техника өте  алмайды. Екі жақты да су басып кеткен. Жолды қалпына келтіру үшін өрт сөндіру пойыздары барды. Олар суды сорып, деңгейін төмендетеді. Тас төгіліп, шпалдар төселіп жатыр.

 www.24.kz

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation