Жексенбі, Қыркүйек 16, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Сәнгер 200 метрлік той көйлегін тігіп шықты

Сәнгер 200 метрлік той көйлегін тігіп шықты

Ирактың Эрбиль қаласында бір сәнгер 600 метрлік матаны пайдаланып, 200 метрлік той көйлегін тікті.

Ерекше көйлекті тігу үшін ол шамамен 6 айын жұмсаған екен. Бұл туралы En son haber жазады. Ирандық сәнбике Чунур Мұхаммед 200 метрлік той көйлегін киіп, Эрбиль қаласындағы Сами Абдурахман саябағында 6 сағат бойы жүріп, аталған көйлек үлгісін ел назарына ұсынды.

Өткен-кеткен әйел сәнбике үстіндегі ерекше той көйлегін көріп, таңырқай қарады. Айрықша дизайндық той көйлегін киген Чунур Мұхаммед: «Сәнгер досымның қолынан шыққан туындыны кию үшін сонау Ираннан арнайы келіп отырмын. Бұл той көйлегін тігу үшін 600 метр мата қолданылып, осындай 200 метрлік ұзын көйлек шығып отыр», – деді.

Аталған ерекше көйлекті ең бірінше болып кигені үшін бақытты екенін мойындаған сәнбике 6 сағаттық көрсетілім бойы аяқта тұрып, еш шаршамағанын алға тартты.

24.kz
0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation