Сәрсенбі, Тамыз 29, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Жаһан > Ең ыстық ғаламшар табылды

Ең ыстық ғаламшар табылды

Америка астрономдары танымал экзоғаламшарлардың ең ыстығын анықтады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Температурасы 4600 градус KELT-9b газ ғаламшары өзге жұлдыздардың ішіндегі ең ыстығы болып шықты. Алайда ол айналып өтетін А сыныбындағы жұлдыз одан да ыстық болғандықтан, ғаламшарда үнемі булану процесі жүреді. «Бұл  – табылған алып ғаламшарлардың ең ыстығы», – дейді ғылыми жаңалықтың авторы Скотт Гауди. KELT-9b Юпитерден 2,8 есе ауыр, ал қалыңдығы одан 2 есе жұқа. Ғаламшар жұлдызға өте жақын орналасқандықтан әрі оның ыстығының үдеуі салдарынан жұлдызға тек бір жағымен ғана қарайды.  Жұлдыздан бөлінетін ыстықтың қатты әсерінен ғаламшар атмосферасы әрқашан қоршаған кеңістікте буланып отырады. Ғалымдардың айтуынша, булану жылдамдығы секундына 10 млрд тоннаны құрайды.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation