Сәрсенбі, Ақпан 7, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Ақтөбеде денсаулық саябағы ашылды

Ақтөбеде денсаулық саябағы ашылды

Ақтөбеде медицина қызметкерлері күні қарсаңында мәдениет орталығы мен «Денсаулық саябағы ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице министрі Алексей Цой, халықаралық медицина орталығының атқарушы директоры, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли, Сеул ұлттық университеті бауыр трансплонтациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн, еңбегі сіңген қайраткер, Президенттің әлем және рухани келісім сыйлығының иегері Нина Каюпова, облыстың денаулық сақтау қызметкерлері, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар қатысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 Еске сала кетейік, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың саябақ құрылысын салу туралы бастамасы денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан белсенді қолдау тапқан болатын.

Саябақ облыс орталығының «Батыс 2» деп аталатын жаңа шағын ауданындағы 1,4 гектар алаңда орналасқан.

-Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қазіргі таңда облыстың денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейіне шығып, халық денсаулығын нығайтуда оң нәтижеге қол жеткізді. Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық база, кадр әлеуеті секілді барлық жағдай жасалған. Медицина қоғамы күнделікті тәжірибеде Президент алға қойған басым міндеттерді шеше отыра, өкілетті министрлікпен тығыз өзара әрекет етіп, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда.

Сіздердің медициналық алдын-алу мәселесімен ғана айналыспай, сонымен қатар, өздеріңіз де салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық нысандарды құра отырып, тұрғындардың денсаулығын сақтап, ұзақ өмір сүруге құлшынысын арттыруға жасаған қадамдарыңыз құптарлық жағдай. Бүгін біз Денсаулық саябағының ашылуының куәсі болып отырмыз. Оның құрылысы бойынша барлық шығындарды Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының медицина қоғамы өз мойнына алды. Бұл қала мен облыстың барлық тұрғындарын, компаниялар мен кәсіпорындарды, оқу орындарын ынталандырып, еңбек етудің жарқын үлгісі ретінде қызмет етуі керек. Облыс басшылығының атынан жауапкершілігі зор игілікті еңбектеріңізге алғыс айтамын,-деді облыс әкімі мерекелік шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде.

2016 жылы облыс әкімінің қаулысымен қазақстан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың атындағы сыйақы тағайындалды. Бердібек Сапарбаев 7 номинация бойынша лауреат иегерлеріне төсбелгілер және 500 мың теңге көлемінде сыйақы табыс етті. Сонымен қатар бес медицина өкіліне пәтер кілттері табысталды.

12 аудан мен бір ауылдық аурухана жедел жәрдем көлігіне ие болды.

Мәртебелі қонақтар ақтөбелік дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қиын да күрделі қызметтеріне сәттілік тіледі.

– Әлемде дәрігерден асқан мәртебелі әрі жауапты мамандық жоқ. Қай заманда да денсаулық сақшысы болған кісілер жоғары құрметке ие болатын. Медицина қызметкерлерінің абыройын асқақтатып, оларды барынша қолдау Президенттің басты назарында. Денсаулық сақтау және медицина қызметкерлеріне әрқашан көңіл бөлінетіндігі мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауында баса айтылып келеді,-деді вице-министр Алексей Цой.

45 медицина қызметкері Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Еңбегі сіңген қайраткер, Президенттің әлем және рухани келісім сыйлығының иегері Нина Каюпова Бердібек Сапарбааевқа денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөліп, әлеуметтік мәселелерді шешкені үшін алғыс айтты.

Ресми бөлімнен соң ақтөбелік дәрігерлердің алдында Қазақстанға кең танымал «МузАРТ» тобы өнер көрссетті. Ансамбль медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнайы шақырылған болатын.

Мұнда спорттық жарыстар да ұйымдастырылды.

Денсаулық саябағы аумағында 1500 аса тал мен ағаштар отырғызылып, воркаут алаңдар, велосипедпен жүретін жол, футбол ойнау алаңдары, үстел теннисі, субұрқақтар орнатылды.

Есте қаларлық жайт, саябақтағы талдардың дені 2016 жылы жазда өткен денсаулық сақтау қызметкерлерінің халықаралық форум жұмысы кезінде отандық медицина қайраткерлері мен алыс-жақын шетелдерден келген қала қонақтарының қолымен отырғызылған.

Өңірдегі медицина қоғамынан құрылысшы, эколог, спортшы, төтенше жаңдайлар департаментінің қызметкерлері сынды өзге сала өкілдері де үлгі алуда.

Қаланы көркейтіп, жасыл қорды толтыратын және қалалықтардың демалыс орнына айналатын 34 саябақ пен аллеяны облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, сонымен қатар ірі ұйымдар мен кәсіпорындар секілді мемлекеттік мекемелер өз күштерімен салады.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation