Негізгі > ○ Блогер жазбалары (Page 13)

Қарға тамыр қазақтың асыл қазынасы…

Моңғолия мемлекеті Баян-Өлгий қаласының  орталық алаңында 1000  (мың)  бүлдіршін Алаштың бет-бедерін айқындайтын рухани құндылықтарға толы киелі домбырамен Наурыз мейрамында арнайы күмбірлетіп күй  төкті.

Толық оқу...

Е.Раушан: Мен Ташкентте өлер ем, Алматым бар…

Керім қыс. Тайғақ демей табан астың, Келеді ала қашқың, жағаласқың. Әжесі арқалаған ақ баладай, Мойнында бір уыс қар кәрі ағаштың. Тағы да таудан асып таң келеді... Таң келіп сәнденеді, бәлденеді. Ескі әндей (қайырмасы есімде жоқ), Жадыңа салғысы кеп әлденені. Паналап қу жапырақты торғай қонды, Бұл оған қамқа сары тондай болды. Қысса да тоңбайды енді қырық күн аяз, (Шын батыр өлген соң

Толық оқу...

Әз аға (Естеліктен)

1949 жылы қазақ әдебиеті тарихының XVIII-XIX ғасырларға арналған екінші томын бір топ авторлар жазатын болдық. Бұл күрделі еңбектің ғылыми жетекшісі ретінде Мұқаң тағайындалды. Жаз бойы таудағы дачада Мұқаң үй-ішімен бірге тұрып, маған тапсырылған тарауларды жазумен шұғылдандым. Мені таңырқатқан бір нәрсе - Мұқаңның күнделікті қатал режимі. Және мұнысы күндер емес, айларға

Толық оқу...

Сұлу жорғаны әспеттеп сөйлеп қайтейін, Сұлы дорбаны білмейтін қандастарыма…

Аңсар   Толыбай да жоқ заманда Күреңбай да жоқ, Қазанат тұқым кеттің бе кілең майда боп? Әбдіғайса шал жасаған ауыздығымен, Ауылға барсам іздеймін жүген қайда деп?!   Басымнан менің аса алмай бұлт табандасын, Жүйрік деп өткен бабамның ұрттағам жасын. Құмарым қанбай қойды бір, тақымым толмай, Құмарбек шапқан ертоқым жұртта қалғасын.   Елеңдеуменен құлақты еліме түріп, Сонау күндерге қызығам шегіне тұрып. «Халықтың жауы» Құмар шал

Толық оқу...

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ. ҚҰБЫЛЫС

Бiздiң елде орыс тiлiнде көркем шығарма жазатын өзге ұлт өкiлдерi аз емес. Азаяр түрi де көрiнбейдi. Он сегiзiншi ғасырдың алғашқы жартысында молдаван Антиох Кантемир бастап берген осынау бiр өмiршең дәстүрдi немiс халқының ресейлiк дарынды өкiлдерi Иван Хемницер, Каролина Павлова және Лев Мей iлiп әкетiп, кейiнiрек осы салада литван Юргис Балтрушайтис,

Толық оқу...

І.Жансүгіров. “Күйші” поэмасы

I Қамаудың хан ауылы қыр жағында, Аңқытып ақ орданың бір жағында. Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп, Құмар қып тартқан күйдің ырғағына. Буынсыз он саусағы күй қағуға, Көңіліне тыңдағанның от жағуға. Бал тамған бармағынан домбырашы Жан терге түсіп отыр мынау дуда. Күйшінің қошаметке көңілі тасып, Бес бармақ маймаң қақты перне басып. Толқынтып тоқсан күйді дүрілдетті, Көңілді бірде шымшып, бірде қасып. Екі ішек жүрек жарып көңіл

Толық оқу...

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады «Әдебиет» порталы. Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты.  Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға

Толық оқу...

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ БЕЙМӘЛІМ ҚЫРЛАРЫ

Автор: Шара Кыяхметова (Талдыкорган, Казахстан) Қазақ поэмасының классикалық үлгісін жасаған Ілияс Жансүгіровтің «Құсбегінің айналасында», «Қолбала», «Рүстем қырғыны», «Мақпал», «Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Бақытты Жамал», «Қуат», «Жаңа туған» «Күйші», «Жорық», «Құлагер», «Көбік шашқан», «Исатай», «Байкал» «Кеңес» атты поэмалары бар. Бұл туындыларының біразы әлі күнге дейін оқырманымен қауыша алмай жатыр. Солардың бірі - ақынның «Қолбала»

Толық оқу...

Ырсымбетұлы Байғұттың “Наурыз” айы туралы толғауы

Наурыз келді жамағат! Наурыз келді! Қуанышпен жар салып, жұртыңды жый! Ескі-құсқыңды лақтырып, жаңаңды ки! Жамандықты ойыңнан аулақ таста! Сынған көңіл, сыйлаған ақпен толсын! Кесапат, кесір сөздің барлығын тый! Наурызда самал аялап, жел еседі. Қыз қылығына майысып гүл өседі! Талай шайыр өтіпті бұл фəниден, Əр ғұмырдың көшінен жыр етеді! Алланың қасиетті бір құлшысы Аналар-ау өмірдің бір "етегі!" Пəк киелі Ананың "Ақ етегін" Күнəға ұшын

Толық оқу...

Қабанбай мен орыс елшісі Угримовтың қақтығысы

  Қазақ батырына орыс елшісі Угримовтың да айтары бар екен. Дәл жүрерде Қабанбайды оңашалап, тілмаштыққа Жүсіп-қожаны шақырып, бірнеше сауалға жауап беруін өтінді. - Қазақ елі үш жүзге бөлінеді екен. Ұлы жүз түгелімен дерлік жоңғар қоластында. Ал Кіші жүз ханы Әбілқайырдың осыдан он бес жылдай бұрын Ресей патшалығына бодан боламыз деп ант бергенін

Толық оқу...