Негізгі > Саясат (Page 2)

Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғыз премьерінің екі елдің шекарасындағы жағдайға қатысты сынына жауап берді. Бүгін Ташкентте өткен ТМД елдері үкімет басшыларының отырысында Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков отырыстың күн тәртібіне енбеген қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты мәселені көтерді. Ол Қазақстан шекарада жасанды кедергілер жасап отырғанын мәлімдеді. “Қазақстан үкіметі қырғыз тарапының мәлімдемесін орынсыз деп есептейді. Еліміздің бұл мәселеге

Толық оқу...

Латын әліпбиінің нұсқасы парламентке ұсынылды

Бүгін мәжілісте латын әліпбиін енгізуге арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр. Жаңа әліпбиге 25 әріпті нұсқа ұсынылды. Ол А.Батұрсынов атындағы тіл білімі инстутының мамандарының пікірін ескере отырып жасалған. “Әліпбидің жаңа жобасын жасарда қазақ тілінің дыбыс жүйесі ескерілді. Нәтижесінде әліпбидің ұсынылған нұсқасы 25 әріптен тұрады”,- деді Ербол Тілешов. Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың

Толық оқу...

Назарбаев: Адамдар маған хат жаза бергенді доғарып, сотқа сенулері керек

Мемлекет басшысы Назарбаев азаматтар президенттің атына хат жолдай бермей, өз проблемаларын сотта өзі шешкен кезде барып еліміздің сот жүйесі табысқа жететінін айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. “Сот жүйесінде қажетті шаралардың барлығы қамтылды. Адамдар өз проблемасын шешер кезде не маған хат жазбай, не әкімдікке бармай, сотқа жүгінетін болса, онда соттар адамдардың сеніміне ие болады.

Толық оқу...

Тасмағамбетовтің күйеубаласы қызметінен босатылды

«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері кезектен тыс жиналысында басқару органының жаңа мүшелері сайланды. Банк акционерлері сондай-ақ ҚКБ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сыйақысының мөлшері мен төлемнің шарттарын қарастырып бекітті», – делінген хабарламада. Сонымен қоса, акционерлер ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес «Казкоммерцбанк» Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев, Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор  Серік Ахановтың, 

Толық оқу...

Назарбаев: Шетте жүрген бауырларға жанашыр болу – әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей

Шетте жүрген бауырларға жанашыр болу - әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды zheruiyq.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. "Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу, әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. "Әр қазақ - менің жалғызым"

Толық оқу...

Елбасы латын әліпбиіне межеден бұрын көшуді тапсырды

Латын әліпбиіне көшуді 2025 жылға дейін соза берудің қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайдыҚазАқпарат. "Қазақ тілін латын әрпіне көшіру - бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Бұрынғы КСРО

Толық оқу...

Н.Назарбаев: 1200 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылғы бес айдың қорытындысы бойынша елдегі қылмыстық ахуалдың жағдайы туралы есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары жүргізіп отырған шаралардың нәтижелеріне тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың сапасын жақсарта беру қажеттілігін атап

Толық оқу...

Биыл әлемнің 23 елінде президенттік сайлау болмақ. Әлемдік саясатты дүрліктірген қандай оқиға?

2016 жылдың желтоқсан айында АҚШ-та президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Дональд Трампты Ақүйдегі президент кеңсесіне кіргізді. Бұл бір Құрама Штат ғана емес әлемдегі бірқанша елдердің сыртқы саясатына әсер еткені анық. Айталық, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Кореямен қатар Еуропа елдері Трамптың келуіне байланысты АҚШ-пен арадағы сыртқы саясаттарына бірқатар өзгерістер енгізді.

Толық оқу...

Қытаймен болған келісімнен не ұтамыз?

Қытай мен Қазақстан басшылары ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге қол қойды, - деп хабарлайды zheruiyq.kz . Ақордада екі ел арасында қол қойылған құжаттар арасында Қазақстанға тікелей инвестиция құятын қазақстандық-қытайлық Өндірістік қуат ынтымақтастығың қорының кей пайдасын салықтан босату туралы келісім болды. "Бүгінгі келіссөздер барысында энергетикалық, көлік саласы, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ шекаралас суларды пайдалану, қауіпсіздік жүйесін

Толық оқу...

Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатысты

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларға арналған концертке қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Концертте қазақтың халық әндері және әр түрлі елдердің әуендері, сондай-ақ әлемге әйгілі классикалық шығармалар орындалды. Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белгілі шығармашылық ұымдары қатысты. Олардың қатарында, атап айтқанда, «Астана Опера» опера және балет

Толық оқу...