Бейсенбі, Тамыз 17, 2017
Негізгі > Саясат > Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатысты

Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатысты

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларға арналған концертке қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Концертте қазақтың халық әндері және әр түрлі елдердің әуендері, сондай-ақ әлемге әйгілі классикалық шығармалар орындалды.

Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белгілі шығармашылық ұымдары қатысты. Олардың қатарында, атап айтқанда, «Астана Опера» опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен «Астана Балет» театрының топтары, сондай-ақ М.Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хоры (Ресей), «Надам» би ұжымы (Үндістан), «Акак» қомызшылар ансамблі (Қырғызстан), Чжэцзян провинциясының акробаттық өнер труппасы мен Қытайдың опера және би мемлекеттік театры, «Гүлрез» би ансамблі (Тәжікстан), «Өзбекстан» ән мен би мемлекеттік ансамблі бар.

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

47 − 40 =

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару