Негізгі > қазақ тілі

Латын әіпбиіне қай жолмен барамыз?

Елбасы Н.Назарбаев латын әрпіне көшуді 2025 жылға дейін созбай, мүмкіндігінше жеделдету керектігін үкіметке тапсырғаны мәлім. Бұл бағытта қазір арнайы институттар мен ғылыми орталықтар қызу жұмыс істеп, өз ұсыныстарын жасап жатқан болар. Десе де, қоғам көкейінде түрлі сауалдар да жоқ емес. Өйткені, осы мәселе сөз болғалы түрлі болжамдар да көбейіп кетті.

Толық оқу...

Білім министрі ҰБТ-дан неге қазақ тілінің алынып тасталғанын түсіндірді

Оқушылар ҰБТ-да қазақ тілінен алынатынн ұпай есептелмейтіндіктен, оған мұқият дайындалмайды. Сондықтан Білім министрлігі түлектердің 100%-ы қазақ тілінен емтихан тапсырсын деген ниетпен оны мектептерге ауыстырған. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуден мемлекеттік тілдің алынып тасталуына 3 себеп бар. Оның қандай себептер екендігін халыққа есеп беру кезінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты,

Толық оқу...

Мұхамедия Ахмет Төреұлы: Орыс тілі ауру болса, қазақ тілі ренимацияда жатыр

Ғалым-дәрігер, профессор Мұхамедия Ахмет Төреұлы Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бірінде студент қауымға дәріс оқып тұр. "Орыстардың өзі орыс тілін ауру деп дабыл қағып жатыр, оның қасында қазақ тілі ренимацияда жатыр. Қазақ тілінің күс-күс өкшесіне су шүперек басқанмен жарасы жазылмайды. Тілдің тасымалдаушысы сіздер, сіздер осы тілді сақтап қалуға талпынуларың керек",-деді профессор.

Толық оқу...

Өзгелерге сабақ боларлық Шаһкәрімнің “ХАТЫ”

«Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш Шәкәрім ақынның ғасырға жуық уақыт бұрын "Қазақ тілі" газетіне жарияланған  осы бір хаты сол кездегі "қателікке" айтылған сөз ғана емес, қазірде де ақпараттың айналасында жүрген әрбір қызметкерге сабақ болатын дүние екен. "ЖЕРҰЙЫҚ"  «Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен. Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, Құдай!

Толық оқу...

ҚАТЕСІ КӨЗ ТАРТЫП ТҰРҒАН ҮЛКЕН «АЯҚ-КИІМНІҢ» ИЕСІ КІМ?..

  Бүгінде көшедегі қазақша жарнамалардағы «көз тартатын» қателер туралы аз айтылып жүрген жоқ. Мысалдар дәлелді түрде БАҚ бетінде талай көрсетілсе де беті қызарып, кемшілігін түзететін меншік иелері көрінбейді. Семейдің Засядко көшесінде орналасқан «Ұлар» сауда үйінің қабырғасындағы алабажақ жарнамаларға көпшіліктің көзі үйренгенмен, бадырайып тұрған қатеге бақырайып қарамау мүмкін емес. Қарапайым ғана «Аяқ

Толық оқу...

МЕТРОДАҒЫ ЖАРНАМА. “АЙНАЛДЫР”, “ЖАЛА”, “МАЛЫП АЛ”…

Қазақты жарнамамен масқаралау ойыны әлі жалғасып жатыр. Мәселен, мына жарнаманы Алматы қаласының метросынан көрдім.  "Екі миллионға жуық тұрғыны бар қалада қазақтың тілін білетін бір адам жоқ болғаны ма?" деген заңды сауал туады, осындайда. Әрине, бар. Біреу емес, миллиондар қазір қазақ тілін жетік біледі. Оларды тілін қорлап, мазақтағысы келетін астыртын топ бар

Толық оқу...

МЕН КІМ? ОТАРБАЕВ КІМ?

( Пародия) «Олар халтурщиктер. « Абай жолы» романын мың жерден тықпаласаңда оқылмайды . Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Т.Әлімқұловтар сурогаттар. Ғ.Мүсірепов хоббиші. М.Мағауин, А.Сүлейменов жазушы емес, ақын Өтежанның "миы айналып" кеткен».- Р .Отарбаев (Әдебиет порталындағы сұхбатынан). Жақында Ағылшын тіліндегі әлемге тарайтын «Әдептен озбайық» атты халықаралық газетте қазақ жазушысы Бөспебай Кеппебаевтің газеттің тілшісіне берген сұхбаты басылыпты.

Толық оқу...