«Жерұйық» болгерлерінен Біржан көш бастап тұр

427

Оқырмандар үшін сайт ішінен «Жерұйық» блогері» атануына мүмкіндік жасалғалы біраз уақыт болды. Оған қызығушылық танытып жатқандар қатары да көбейе түсуде. Сайт статистикасы блогер болып тіркелгендер қатарының 200 ден асып кеткенін көрсетуде.

«Жерұйық» блогерлер тұғырының әлеуметтік желідегі парақшалардан өзіндік артықшылғы бар. Біріншіден, әлеуметтік желідегі жазбаларын сол парақшадағы достары ғана оқыса, Блог тұғырдағы жазбасын «Жерұйықты» қолданушылардың барлығы оқуы мүмкін және әр жазбаның рейтингі анықталып отырады. Екіншіден, сайттың веб-редакторы болг жазбалардың маңыздыларын сайттың бастапқы бетіне (негізгі айдарларға) шығарып отырады. Үшіншіден, блогерлер материалдарының оқылым рейтингісіне орай қаламақы алу мүмкіндігіне ие болады.

Біржан Ахмердің «Жерұйық» сайтындағы жеке парақшасы

Блогерлер жеке парақшасы арқылы блог жариялап қана қоймай, бір-бірімен әңгімелесе де алады.

 

Біржан Ахмер блогерлер арасында көш бастады

Наурыз айына дейінгі рейтинг бойынша «Жерұйық» блогерлер арасында Біржан Ахмер топ бастап келді. Ол осы уақытқа дейін 46 жазба жариялап, бір айдың ішінде 7452 оқырманның сұранысына ие болған. «Үздік блогер» деп танылған Біржан Ахмер «Жерұйықтың» арнайы жүлдесіне ие болып отыр. Алдағы уақытта өзге де блогерердің белгілі бір қаламақыға қол жеткізуіне мүмкіндікетері бар демекпіз. Қаламақы қалай тағайындалатынына қызығушылық білдіргендер болса сайттың е-майл почтасына (zheruiyq@mail.ru)  сұрақтарын жолдауларына болады.

«Жерұйық»-ақпарат.  

 Brian Westbrook Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз