Премьер-Министр Семей қаласының сол жақ жағалауындағы тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың 70%-ын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-1-дің қайта жөндеу жұмыстарын тексерді.
Сондай-ақ, Б. Сағынтаевқа өңірдің басты жобаларының бірі болып табылатын ЖЭО-3-тің құрылыс жұмыстары туралы есеп берілді.
Бақытжан Сағынтаев Назарбаев зияткерлік мектебінің Семей қаласындағы бөлімшесінің жұмысымен танысты.
Дарынды балаларға арналған мектептің 2016 жылдың соңында пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралау барысында Бақытжан Сағынтаев өзін-өзі тану, нанотехнологиялар, биотехнологиялар кабинеттерін, қыш құмыра шеберханасын, асхана мен кітапхананы аралады. Мектеп директоры Б. Қайыржанов оқу орнының жетістіктері туралы айтты.
Нысанның бірегейлігі – 720 оқушыға арналған негізгі оқу корпусының 120 орынға арналған жатақхана корпусы бар. Бұл шалғайдағы ауылдардан келген дарынды балаларға интернатта тұрып, оқуға мүмкіндік береді.
Мектептің жеті жылдық жұмысы аралығында 466 түлек бітірген, олардың 34-і «Алтын белгі» иегері, 22-сі үздік аттестат иегері. Мектеп түлектері өз оқуларын еліміздің және шетелдік ЖОО-ларында жалғастыруда. Назарбаев университетінде 156 түлек, ҚР жоғарғы оқу орындарында – 283, шетелде – 26 түлек білім алуда.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Семей қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.
Бақытжан Сағынтаев кездесу қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, Үкіметтің ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.
ҚР Премьер-Министрі экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін Үкімет өз жұмысын 5 маңызды басымдыққа жұмылдыратынын айтты, соның ішінде – жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік жұмыспен қамтуды арттыру, технологиялық жаңарту және экономиканы цифрландыру, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету және салалық бағдарламаларды іске асыру бар.
Кездесу қатысушылары өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, ШҚО-ның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.
Кеңес барысында тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қолдау көрсету, кәсіби-техникалық білім беруді дамыту және білім берудің үштілділік жүйесін енгізу мәселелері қозғалды.
Жалпы, қала жұртшылығы жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа мен ҚР Президентінің Жолдауында аталған міндеттерге қолдау көрсететіндерін білдірді.
Жұртшылықпен кездесу аясында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов, «Сәт транс» ЖШС директоры Нұрлан Байбеков, электр техникалық колледжінің директоры Азат Сарпеков, Семей қ. №7 мектеп-лицейінің ағылшын тілі мұғалімі Марина Устюжанинова, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері Насен Сембаев пен Дүйсен Сұлтанов сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс пен қала басшылығына өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кеше Б. Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатына, Өскемен арматура зауытына, Үлбі металлургия зауытына, майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығына, көз микрохирургиясы емханасына және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне барған болатын.
ФОТО: primeminister.kz