Жексенбі, Тамыз 13, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Жаһан > Әуе соққыларынан 29 бейбіт тұрғын опат болған

Әуе соққыларынан 29 бейбіт тұрғын опат болған

Сирияда Ракка қаласы үшін шайқас жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда соңғы бір тәулікте АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әуе соққыларынан 29 бейбіт тұрғын опат болған.

Сорақысы сол, құрбан болғандардың тең жарымы – балалар.

Айта кеткен жөн, Ракка «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының бейресми астанасы саналады. Оны жаудан арылту шарасы былтыр қарашада басталған. Алайда биыл маусымнан бері шаһар үшін шайқас тың қарқынмен жүріп жатыр. АҚШ бастаған халықаралық коалиция әуе шабуылдарын жасап, жергілікті жауынгерлерге жәрдемдесіп жүр. Негізі осы коалиция 2014-ші жылдан бері лаңкестікпен күрес аясында Сириямен қоса көрші Иракта да содырларды соққылап келеді. Сол уақыттан бері әуе шабуылдары 600-ден астам бейбіт тұрғынның өмірін қиған екен.

24.kz
0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

1 + 6 =

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару