Биыл Ақсуатта екінші рет «Туған жерге туыңды тік!» атты ақындар айтысы өтеді, -деп хабарлайды “Жерұйық” порталы.
Жыр бәйгенің бас демеушісі тағы да Тасткеевтер әулеті.
Айтысқа Ринат Зайытов, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Мухтар Ниязов, Төлеген Жаманов, Мақсат Аханов, Әсем Ереже, Қалижан Білдәшев, Рүстем Қайыртай, Шұғайып Сезімхан сияқты танымал он ақынмен қатар Қытай, Моңғолиядан азулы ақындар қатысады.
Жыр додасын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Айтыс ақындар мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.