Сенбі, Қараша 11, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Еден жуушы 5 млн. теңгені иесіне қайтарып берді

Еден жуушы 5 млн. теңгені иесіне қайтарып берді

Алматы дәмханаларының бірінде еден жуушы болып жұмыс істейтін әйелдің адалдығы көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«31 қазан күні досыма көлігімді сатып, 1 қарашада екеуіміз суши-кафеге барып атап өтпек болдық. Мен ақшаны банкке салып тастамақ болып, ақша салынған сөмкені, ішінде 5 млн теңге болған, бірге алып жүрдім. Біз тамақтанып болыған соң, мен үйге келдім. Қарасам ақша салынған сөмкем жоқ», – дейді Темірлан.

Оның айтуынша, ол сөмкені аласұрып іздеп жүргенде телефонына бөгде адам қоңырау шалып, оның сөмкесін тауып алғанын айтады. Бақыт сөмкені ашып, ішінен ұялы телефонға ақша салған чекті тауып алып, сол нөмірге хабарласқан.

«Мен сөмкені іздеп жүргенде, маған бейтаныс нөмірден біреу қоңырау шалып, менің сөмкемді тауып алғанын айтты. Сөйтсем, сөмкемді тауып алған сол дәмхананың қызметкері екен. Ол маған сөмкені келіп алып кетуіме болатынын айтты, мен таксимен бірден дәмханаға келдім», – дейді Темірлан.

Темірлан дәмханаға келгенінде әйел ақша тауып алғанын ешкімге, тіпті әкімшіге де айтпағанын біледі. Ол сол жерде ақшаны санай бастайды.

«Мен сол жерде ақшаны санай бастадым. Сөмкемнің табылғанына қатты қуандым. Шын көңіліммен тауып алған әйелге 100 мың теңге бергім келді. Беріп едім, бас тартты, алғысы келмеді, өте қарапайым кісі екен. Бірақ мен болмай беріп кеттім. Қазіргі кезде адал адамдар өте сирек кездеседі ғой», – деп ағынан жарылды Темірлан.

Фотода 5 млн теңгені иесіне қайтарып берген Бақыт.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation