Сенбі, Ақпан 17, 2018
Негізгі > Бас баған > Д. Ахметов қарамағындағылардың алты ай бойы алдаусыратып жүргендерін ашып салды  

Д. Ахметов қарамағындағылардың алты ай бойы алдаусыратып жүргендерін ашып салды  

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов радиологиялық медицина орталығын қайта жөндеу үшін міндеттелген жұмыстың жарты жыл бойы орнынан жылжымай тұрғанына құрылыс басқармасын қатаң сынға алды, – деп хабарлайды «Қазақпарат» агенттігі.

«Мен 7 тамызда радиологиялық орталықтық техникалық аудитін жүргізуді тапсырғанмын, ал сіздер техникалық аудит жүргізетін компаниямен енді ғана келісім шартқа отыратындықтарыңызды желтоқсан айының ортасында хабарлап отырсыздар» – деді облыс әкімі.

«Біздің халық алдында есебіміз бар, біз баяғыда-ақ бірнеше милиардқа татитын жабдықтар тұрған радиологиялық орталықтың жөндеу жұмысын бітіруіміз керек еді, – деп Даниал Ахметов наразылығын білдірді.

Бұдан басқа, шенеуніктер Семей қаласындағы аэропорттың және Өскемендегі 20-шағын ауданындағы емхананың қайта жөндеуіне бөлінген қаражатты тиісінше жұмсай алмаған. Себебін құрылыс басқармасының басшысы Фархат Шорабай да түсіндіре алмай отыр.

Даниал Ахметов өзінің орынбасарына аэропорттың жөндеу жұмыстарын қадағалауды және жобаны шынайы дайындауды қыркүйек айында тапсырған екен. Бірақ, ол жұмыстың да нәтижесі жоқ.

«Мен 320 млн теңгеге тек сөрелерді ауыстырып қоюға ғана жол бергізбеймін. Сондай-ақ, əйнектерді ауыстырумен бірге тұрған багаждарды қабылдау жəне тиеп əкету техникалық аумақтарын да істеу керек еді. Менің идеям тек қағаз жүзінде қалды. Сіздер, «бəрін істейміз» деп қол қойдыңыздар, ал іс-əрекет жоқ», -деп облыс басшысы тапсырма орындаушыларды түсіна алмайтындығын жасырмады.

Шенеуіктер жобаға қатысты өзгертулерді ұсынбады, қайта жөндеуді келесі жылдың наурыз айында ғана бастайды.

“Сіздер тағы да өз сұрауларыңызды өздеріңіз жоққа шығардыңыздар. Қалайша 6 ай бойы ештеңе атқармастан, халықты алдамсыратумен келгендіктеріңізге таңым бар”, – деп Даниал Ахметов əріптестерінің біліктіліктерін де сынға алды.

Сол себепті, жиыннан кейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов құрылыс басқармасындағы тиісті қызметкерлерге алдағы Тәуелсіздік мерекесі кезіндегі күндерді демалыссыз қызмет істеуді міндеттеді.

«Алдымызда 4 күндік демалыс, ал сіздер жұмыс істеуді жалғастырасыздар.  Онсыз да демалып жүргендеріңіз жетер. Келесі дүйсенбіге дейін маған барлық ақпаратты мәлімдеп, алдыма әкелетін болыңыздар»,- деп Ахметов сөзін қорытындылады.

Материалды «Қазақпарат» жарияланымы

негізінде әзірлеген Н.Қайролданова

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation