Ғалымдар күннің екінші жартысында немесе түнгі ауысыммен жұмыс істейтін әйелдерде кеуде, тері және асқорыту органдарының қатерлі ісік аурулары жиілейтінін хабарлайды Cancer Epidemiology, Biomarkers & Prevention журналында.
«Біздің зерттеу нәтижемізде түнгі ауысымдағы жұмыс әйелдер арасында қатерлі аурулардың кең таралуына себепшілердің бірі деген тоқтамға келдік. Қазірден бастап мұндай ауысыммен жұмыс істейтін әйел жұмыскерлерге дереу уақытылы медициналық тексеруден өтуді бастау керек», – дейді Сычуань провинциясындағы (Қытай) университетінің ғалымы Сюлэй Ма мырза.
2007 жылы Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының сарапшылары да түнгі ауысымдағы жұмыс адам ағзасындағы биореттілікті бұзып, қатерлі аурулардың, әсіресе емшек безі қатерлі ісігінің өсуіне әкеп соғатынын баяндамада мәлімдеген. Бұл мәлімдемені ғалымдар да ұйқы бөлігі бұзылған жануарлар арасында зерттеу жүргізе отырып, «емшек безі қатерлі ісігінің жоғарылайды» деген пікірді және түнгі ауысым қатерлі ісікті әрбір 5 жыл сайын 3,3 %-ға өсіргенін дәлелдейді.
Кейін бұл дәлелге күмәнмен қараған Оксфорд дәрігерлері әйелдер арасындағы зерттеулердің ішінен 3 ірі жобаның сатистикасын саралап, зерттеп еш күмән тудырушылық таба алмаған.
Ма және оның әріптестері Солтүстік Америка, Еуропа, Австралия және Азияда тұратытын 4 млн әйел қатысқан зерттеулердің қорытындыларын біріктіріп, тағы да тексеруді ұйғарған. Нәтижесінде 114 мың әйел қатерлі рак ауруына душар болғанын тағы да анықтап, түнгі ауысымдағы жұмыс тек емшек безі ауыруына ғана емес, басқа да түрлі қатерлі аурулардың өсуіне әкелетінін айтты.
Қайролданова Назерке
zheruiyq.kz