15 сәуір күні еліміздің барлық өңірлерінде жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күнін» атап өту дәстүрге айналып келеді.
Көктем гүлі қауызын ашқан ашқан шақта, ағаш бүрлеп, жұпарын шашқан шақта жүрегі бар жан иесі өзгеше күй кешері, айналамен үйлесері қалыпты құбылыс. Кеуде қуысында көгершіні бар сезім иелері үшін көктемнің алғашқы күндерінің бәрі мереке екені әлмисақтан әйгілі. Олай болса, 15 сәуір – Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні, яғни, ғашықтар күні барша жұптарға құтты болсын!
Ғашықтар үшін тек бүгін ғана емес, әр күні сыйласатын, сырласатын күн болуы керек шығар (тіпті, керек болса, күн сайын ғашығыңа гүл беруге болар). Бүгінгі күннің мәнін жастар дұрыс түсінуі керек. Бүгін – баянсыз заманда да баянды махаббат кешкен, сезімі үшін сертінде тұрған, сергелдеңде де серігін сатпаған ұлы махаббат иелерін еске алып, ғашық жүрегімізді одан әрмен әлдилеп, мәпелеп, екеуара қол ұстасып арман биігіне ұмтылатын күн.
Ғашықтар – ол ата-анамыз. Ғашықтар – ол ата-әжеміз. Ғашықтар – ол аға-жеңгеміз. Ғашықтар – ол уәделі жастар. Ғашықтар – ол жас жұбайлар. Баршаңызды ғашықтар күнімен құттықтаймыз!