Жексенбі, Сәуір 15, 2018
Негізгі > Спорт > Шоқыр – қазақ боксының атасы

Шоқыр – қазақ боксының атасы

Тақырып: Шоқыр – қазақ боксының атасы

Мақала мәтіні:

Сурет салуға бейім болған

Сейдахмет Бердіқұловтың сөзімен айтсақ, «Шоқыр Бөлтекұлы – елімізге бокс қолғабын арқалап келген адам». 1916 жылы 29 қазанда Маңғыстау облысы, Жар­мыш ауылында дүниеге келген. Қарапайым балықшы әкесі Бөлтек теңізде балық аулап жүргенде қатты жел тұрып, қайығы ауда­рылып, өзі жағаға шығып, жа­рақат алады. Есін жинап сүйретіліп, қайы­ғына барса, ауына үлкен шоқыра деген балық түскен екен. Үйіне жақындағанда «әйелің ұл туды!» деп көршілері сүйінші сұрайды. Әке қуанышында шек жоқ, сүйреткен айбынды шоқыра балығын жақсы ырымға жорып, баласына Шоқыра деп ат қояды. Кейін оны ауыл-аймақ Шоқыр деп атап кетеді.

Шоқыр сурет салуға бейім болған соң, Бакудегі, сосын Киевтегі көркемсурет институты­на түседі. Суреттерінің бірінде өртенген үй­ден қашып шыққан анасы мен қарын­дасының, өзінің бейнесін салған. Инсти­тутта оқып жүріп, бокс үйірмесіне қаты­сады. Бапкері – Иван Константинович Иванов.

Шоқыр – қазақ боксының атасы

1936 жылы бүкілқазақстандық спар­та­киа­да болады. Бағдарламаға бокс та ен­гізіледі. Осы жарыста Шоқырға қарсылас табылмайды. Осыдан соң ел басшылары бокс спортын дамыту керек деп шешім қа­былдап, Шоқырды Мәскеу мен Ленинград­қа тәжірибе алмасуға жібереді.

Сол жылдың қазан айында Қазақ­станда тұңғыш бокс үйірмесі ашылады. Алғаш құрылған «ТЕМП» спорт қоғамы­ның қабырғасында қазақ баласы былғары қолғапты тұңғыш киіп, үйрене бастайды. Кейін бұл спорт «Динамо», «Спартак», «Медик», Қарағандыдағы «Көмірші» секілді қоғамдарға ұласып, кең етек жая бастады.

Шаршы алаңның шаңын қаққан бокс­шы ізбасар шәкірт тәрбиелеп, боксқа баулу үшін алақандай алаң іздеп, Опера және балет театрының бір бөлмесін сұрап алады. 1937 жылы Ш.Бөлтекұлының бас­шы­лы­ғымен бокстан Алматы қаласының ресми біріншілігі өтіп, оған 50 спортшы қатысқан.

1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңес ода­ғы біріншілігіне Қазақ елінің құрама ко­ман­дасын Шоқыр атамыз бастап барды. Оның мектебінен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбденәлиев, Виктор және Владимир Каримовтар, Асқар Құлыбаев секілді талантты шәкірттер тәрбиеленіп шықты.

Шоқыр боксшы ретінде 223 рет рингке көтерілген. 50 рет финалға шыққан, оның 38-інде жеңіске жетіп, төртеуінде тең түскен.

Ұлы Отан соғысына қатысқан

Шоқыр Бөлтекұлы – Ұлы Отан соғы­сына қатысқан жауынгер, бірнеше тілді (неміс, украин, араб, орыс, т.б.) меңгерген полиглот. Ұлтжанды, турашыл, өз прин­ципі­мен өмір сүрген. Туған топырақтан дарыған қасиеті оны батыл мінезді, тура айтатын, ұлтын сүйетін, рухы биік тұлға ретінде қалыптастырды.

– Жиырма жеті адам болдық. Жау шабуылға шыққан кезде бізге «шегінуге рұқсат жоқ» деген бұйрық болды. Талықсып барып есімді жисам, қасымда татар жолдасым ғана қалыпты. Оның да екі аяғы бірдей жараланған. Сүйрей жөнелдім. «Мені таста, қайтесің, өзің құтыл» десе де, байғұсты тастамадым. Өйткені, ол – менің аман қалған күнде де өзімнің жау қолына түспей, антымды бұзбай келгенімнің жалғыз куәсі еді. Күртік қардың астын қазып алып, талдың тамырын талғажау қылып, екі күн шыдадық. Біздің топты осындай жағдайларға алдын ала мықтап дайындаған болатын, соның арқасында аман қалдық, – деп жазады естелігінде.

– Бұл әңгімені әкемнің өз аузынан естіп едім. Соғыс туралы тіс жарып әңгіме қылмаушы еді. Өйткені, соғыстан кейін күдіктенген болу керек, әкемді көп тексеріп­ті, – дейді қызы Тоты Шоқырқызы.

«Екі-ақ нағыз қазақтың» бірі

Текті топырақтан жаралған Шоқыр төлқұжатындағы «ұлы» деген тегін де өзгертпеген. Бірде Шоқырға Бауыржан Момышұлы атамыз әзілдеп: «Бізде екі-ақ нағыз қазақ бар. Бірі – сен, екіншісі – мен», – депті.

Белгілі жазушы Шерхан Мұртаза да: «Меніңше, сол кесапаты көп кеңестік заманда Бауыржан Момышұлы тәрізді ноқтаға басы сыймаған адамның бірі – осы Ер Шоқаң еді», – дейді.

Шоқыр Бөлтекұлы қазақтың көптеген зиялыларымен жиі араласқан: Бейімбет Майлин, Шәкен Айманов, Бауыржан Момышұлы, Нұрғиса Тілендиев, т.б. Өзі өте қарапайым және жомарт кісі болған. Бірде КСРО мен АҚШ арасындағы ойында Шо­қыр­ға жоғары қабаттан (қазіргі тілмен айтқанда VІP) орын береді. Бірақ, Шоқыр онда отырмай, трибунада көрермендермен қатар тамашалайды.

– Бәрі «Шоқыр қайда?» деп іздеп жатты. Бірақ, Шоқ-ағамыз трибунада көрермендермен қатар отырды. Осының өзі оның шексіз қарапайымдылығы еді, – дейді Қасым Сырбайұлы.

Шоқырдың жомарттығы да елге белгілі. Оның ерен еңбегін бағалаған бір кісінің өзіне сыйлаған су жаңа мотоциклін көзі жыпылықтап қарап тұрған қазақтың бір жеткіншек баласына ұстатып жіберген.

Шоқаңның жары – қазақтың тұңғыш балеринасы

Оқуын бітіріп, Қазақтың опера және балет театрында сурет салып жүрген жас жігіт болашақ жары, кейіннен екі пер­зентінің анасы, ақтөбелік биші Нұрсұлу Тапаловамен танысады. Екеуі Алматыдағы үш қабатты әртістер үйінің бір бөлмелі пәтерінде қоңырқай ғана тірлік кешті. Кең үй сұрап, біреудің алдына баруды ар санапты. Шығыстың Заремасы атанған Нұрсұлуға ән арнаған сазгер де, Шоқыр­мен елінің шоқтығын көтерген ақын да, бәрі-бәрі осы бір бөлмелі пәтердің тұрақты қонақтары болды.

Шоқыр Бөлтекұлы 1994 жылы 78 жасында дүниеден озды. Араға төрт жыл салып зайыбы Нұрсұлу Елубайқызы да дүниеден өтті. Бірі – қазақтың тұңғыш боксшысы, тұңғыш спорт шебері, бірі – тұңғыш кәсіби балет бишісі, бірі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бірі – Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі ретінде жарық жалғаннан өтті. Екеуі де иісі қазақтың жақсысы мен жайсаңы мәңгілік орын тапқан Кеңсай зиратында жерленген.

Шоқыр Бөлтекұлының 100 жылдығы

Жыл сайын Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ересектер арасында халықаралық турнир өтеді. Бұл жарыс еліміздегі ең ірі 10 бокс турнирінің санатына енеді. Биыл дода ІХ рет ұйымдастырылды. Ақтауда өткен жарысқа Моңғолия, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен және Қазақстанның барлық аймақтарынан 150-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты.

Қазақ боксының атасы Шоқыр Бөл­текұлының туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Республикалық көлемде аталып өтпесе де, Алматыда қазақ боксының негізін салушы арда азаматын еске алу шарасы болып өтті. Оған Шоқыр Бөлтек­ұлының төл шәкірті Серік Әбденәлиев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбы­райымов, «Алаш прайд» жекпе-жек клубының жетекшісі Данияр Қасқарауов сияқты елге танымал азаматтар қатысты.

Еске алу шарасы барысында Шоқыр Бөлтекұлына арналған деректі фильм дүйім жұрттың назарына ұсынылды. Бұл фильмнің түсірілім жұмыстарына қатысып, жарыққа шығарғандардың қатарында С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Рауан Оқас, спорт журналистері Асқар Ағатаев, Серік Ноянбайұлы мен Мадияр Арыстанбаевты ерекше атап өтуге болады. Деректі фильм Шоқырдың өзі туған Жармыш ауылында, балалық шағы өткен Форт-Шевченкода түсірілген. Туындыдағы эпизодтардың бірінде Шоқыр Бөлтекұлының бейнесін танымал боксшы Жанқош Тұраров сомдаған.

– Шоқыр Бөлтекұлы сияқты бірегей тұлғаның 100 жылдығын атап өтуді өзімізге парыз санап, қолымыздан келетіні – деректі фильмді түсіріп шықтық. Осы орайда бізге қолдау көрсеткен Маңғыстау бокс федерациясына ерекше алғыс білдіреміз. Таяуда «Қазақ боксының атасы» атты туынды көпшілік назарына тарту етіледі, – деді фильм сценарийінің авторы Серік Ноянбайұлы.

Өкінішке қарай, Шоқырды жұрт­шылық түгіл, Олимпиадаға қатысқан кей боксшы­лар да тани бермейді. Аты-жөнін естігені­мен, оның қазақ боксының негізін қалаудағы ерен еңбегінен бейхабар. Себебі, насихат пен қолдау аздау. Мұны деректі фильм түсіру барысында ізденген тілшілердің ортаға тастаған ойла­рынан аңғардық. Олай болса, Шоқыр Бөлтекұлы жайлы айта жүру біз бен сіздің де – бір пары­зымыз.

Заңғар КӘРІМХАН,

"Алматы ақшамы"

shokyr5

“Алматы ақшамы”

0
Authorization

Registration

Password generation