Сәрсенбі, Тамыз 8, 2018
Негізгі > Руханият > ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ АБАЙ ЕЛІНДЕ

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ АБАЙ ЕЛІНДЕ

Бүгін Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени, әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар қалаларынан арнайы келген Қазақстан суретшілерінің симпозиумы басталды,-деп хабарлайды zheruiyq.kz  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
қорық-мұражайының баспасөз қызметіне сүйене отырып.

13754507_1064121240348563_8607579347643391040_nБір аптаға созылатын осы шараның барысында суретшілер Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқының ұлы перзенттерінің іздері қалған жерлермен жүріп, ауасын жұтып, көрікті де шежірелі Шыңғыстау өңіріне сапар шегіп, табиғат аясында этюдтар жасайды. Сапар аясында суретшілер Бөрілі, Күшікбай асуы, Тұма көлі, Жидебай, Үйтас, Кіші Орда, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, Абай аналары – Ұлжан мен Зере зираты, Кеңгірбай би мазары, Шыңғыстау, Архат тауларының әсем жерлерімен танысады.
Қасиетті мекеннің сұлу табиғатынан туындаған  шығармашылық еңбектерінің бір данасын мұражай қорына сыйға тартады.
Сонымен қатар, суретшілердің осы сапары барысында дүниеге келген жұмыстарынан Абай мұражайында көрме ұйымдастырылады және бұл көрме Астана, Алматы қаласында да өз жалғасын таппақ.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation