Бүгін Алатау бөктерінде, Алматы қаласында Ақтамбердінің сарқыты, жыраулардың жалғасы атанған әнші, термеші Бекболат Тілеуханның шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды “Дарын” мемлекеттік сыйлығының иегері Мұхамеджан Тазабек. Бұл жаңалықты ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазған.
Таңдайына бұлбұл құс ұя салған талантты әншінің жанды дауысын қазақ жұртшылығы сағынып қалғаны жасырын емес. Бағзы сарынды бойына сіңіріп өскен Бекболат Тілеуханның сахна төріне қайта шығып, туған елімен емірене қауышқаны көңілге көктем нұрын септі.
«Асыл арна» телеарнасының директоры дарынды әншінің кешіне келген жұрт “Республика сарайын” лық толтырғанын айтып, кеш барысындағы көңіл толқытар сәттермен бөлісті.
Соңында Мұхмеджан Тазабек: «Аллаға шүкір, Бекболат ағаның кеші абыроймен аяқталды..», – деп жазады.
Назарларыңызға ән кешіндегі фото-суреттерді ұсынамыз.
«Жерұйық» порталы