Тәуелсіздігімізді алып, есімізді жиып, етек-жеңімізді түріп, жоғымызды іздеп, кем тұсымызды қайта толтырып жатқан заманда Елбасымыздың 1992 жылы 2 қыркүйек күні сөйлеген сөзінен осыдан 24 жыл бұрынғы қазақ қоғамының бір көрінісін көруге болады екен. Мына бейнебаянда Елбасының айтуынша, халыққа дін қайта бет алып, мешіттер ақырындап салына бастаған. Десе де, дүмше молдалардың көбейіп, діннің дұрыс қалыптаспай жатқанын да айтады. Халықты сақтандырады.
Ал. қазір ше? Қазір тәубә дейміз. Қала тұрмақ, қазір ауылда бір емес екіден мешіт бар. Ондағы молдалардың барлығы жоғары білім алған мамандар. Жастардың дені мешітке ағылады, қасиетті жұма күнін асыға қарсы алады. Жоғары білімді жастар діннің теріскейі мен күнгейін де жақсы айыра біледі. Ел ертеңі жастардың жарқын жаққа бет алуы қуантады.
Десе де, шариғаттың шартына кейде қарсы келіп жатамыз ба, қалай?.. Жалпы, қазекең бәсқой халық қой. Әйтеуір, жол шетіндегі “өлілердің сарайы” бірінен-бірі асып түседі, менмұндалап көз тартады. 1992 жылы Елбасы айтқандай, Ислам иірімін әлі дұрыс түсіне бермейміз-ау деймін…. Сіз не дейсіз, оқырман?..
Асыға күтіп отырған Құрбан айтыңыз қабыл болсын!