Аты әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің есімін бүгінде білмейтін қазақ жоқ, тіпті, әлем біледі. Қытайдың I am singer жобасында өзінің талантымен көрермен көзайымына айналған қазақстандық әнші қазақтың белді азаматтары, қоғам белсенділерінен бөлек, Елбасының ақ батасын алып, ізгі тілегіне бөленді. Халықымыз Димаштың қазақ өнері үшін тигізер үлесі әлі де зор болмақ екенін айтып жатыр. Соның бірі “Ақ жол” демократиялық партиясы, Орталық Кеңес хатышысы Арман Сқабылұлы. “Өз басым қазақтың қазіргі шоу-бизнестегі, телеарналардағы əн өнерін Димашқа дейін жəне Димаштан кейін деп екі кезеңге бөлгім келеді. Димашқа дейінгісі – жасанды дауыс, “арсыз” продюсер, бетіне бес батпан бояу жаққан” қуыршақтар болса, Димаштан кейінгісі- бойынан ұлттық рух пен дəстүр аңқып тұрған табиғи дауыс иелері болады деп үміттенемін”, деп пікірін білдірді Арман Сқабылұлы өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Бұл туралы qamshy.kz хабарлады.