Шығыс Қазақстанның Тарбағатайында биыл құрылыс пен абаттандыру жұмыстары қарқынды жалғасты. Осы ауданның Құмкөл ауылдық округінің орталығында да биыл жаңа бір нысан бой көтерді. «Мәңгілік ел» атауын иеленген стелла ауыл саябағының сәніне айналуымен бірге округ орталығының көркін ашып-ақ жіберді.
Нақтырақ айтқанда, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында аудан орталығын ғана емес ауылды жерлердіде абаттандыру мәселесін жан-жақты қолға алып, көптеген иегілікті шараларға мұрындық болып келеді. Соның бірі – Тәуесіздіктің ширек ғасыр мерекесіне орай Құмкөлде «Мәңгілік Ел» стелласының бой көтеруі.
Атаулы стелла құрылысы «Көкжиек Холдинг LTD» ЖШС мердігерлігімен жүзеге асып, мерзімді уақытында аяқталған. Серіктестік басшылары Жандос пен Елдос Тұрсынғалиұлдары облыс ауамағында ауқымды құрылыстарды абыроймен атқарып, әркез тапсырыс берушілердің көңілінен шығып келе жатқан кәсіби мамандар. Бұл жолы да Мәңгілік Ел» стелласын қабылдау комиссиясы құрылыс сапасына оң баға беріп, еш кедергісіз қабылдады.
Тарбағатай баурайында берік орныққан Құмкөлдің көркі мен беделін арттыратын баянды істер келешекте де жалғаса берсін дейміз.
«Жерұйық»-ақпарат