Жұма, Мам 11, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Шетелдегі қазақ: біз Қазақстанға НЕГЕ КӨШПЕЙ ОТЫРМЫЗ?

Шетелдегі қазақ: біз Қазақстанға НЕГЕ КӨШПЕЙ ОТЫРМЫЗ?

Мен Ташкенттiң iрге­сiндегi ауылда тұрамын. Ұлтым – қазақ. Руым – Қаңлы. Жалпы, бiздiң ауылдың 90 пайызы – қазақтар.

Қазақстанның тәуел­сiз­дiк алғанына 25 жыл болды. Қазақстан содан берi шеттен келген қа­зақтарды қабылдап жатыр. Ешкiмдi кеудесiнен итерiп жатқан жоқ. Солай бола тұрса да, бiздiң ауылдың әлi iргесi сөгiле қойған жоқ. Яғни, бiздiң ауылдан бiрде-бiр отбасы Қазақстанға көшпей отыр. Бұл неден? Мұның қандай себебi бар?

Бiз күнде болмаса да, жыл аралата Қазақстанға келiп-кетiп тұрамыз. Сондағы көргендерiмiз бiздi үркiтiп-шошыта бередi. Мәселен, Қазақстандағы билiк – орыстiлдiлердiң қолында. Ол жерге қазақ­тiлдiлер кiре де, ене де алмайды… Билiк кiмнiң қолында болса, соның дегенi болатыны да бел­гiлi.

Жоғары оқу орындары – түгел орысша. Қазақстанда тұратын бауырларым “қазақ тiлiн бiлмейтiн қазақтар – халықтың 40 пайызы” дейдi. Менiң өз басыма қазақ тiлiн бiл­мейтiндер бұдан әлдеқайда көп болып көрiнедi. Бәлкiм, 60 пайыз. Өйткенi мен Қазақстанға кiрген­нен қайтқанша еститiнiм – тек орысша: орысша сөз, орысша ән, орысша телехабар, орысша радио хабар, орысша боқтау… Ташкентке келiп, сонан кейiн ауылыма кiргенде бiр-ақ естимiн қазақшаны. “Ұрпағымыз Қазақстанға барып орыс болып кеткенше, осында жүрiп өзбек болғаны әлдеқайда жақсы емес пе?! Тiлiн сақтайды (өзбектiң тiлi қазақ тiлiне жақын ғой,)мұсылманшылығын сақтайды” деп ойлап отырмыз қазiр. Егер Қазақстан да Өзбекстан секiлдi мемлекеттiк тiлiн күшейтiп, қазақтанып, қазақшасын жолға қойып жатса, онда бiз де Қазақстанға, ата жұртқа көшер едiк.

Әлмұхан ҚҰРМАНӘЛI,

Ташкент,

Өзбекстан

“Жас Алаш” газеті

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation