Жұма, Маусым 1, 2018
Негізгі > Ал, ендеше! > Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Тақырып: Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Мақала мәтіні:

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп бес жылға сотталып кетті. Әңгіме 18 жастағы жігіт жайлы болғанымен, келесі тақырып бәріне қатысты. Себебі барлығымыз әлеуметтік желіге тіркелгенбіз. Сарапшылар фейсбук, ВКонтакте секілді сайттарда ән, сурет жүктерде абай болуды ескертеді.

Әуезі әдемі. Ұнады. Кейін, тағы бір тыңдармын деп, «Вконтакте»-дегі парағына көшіріп алды. Сосын басы бәлеге қалды. Сөйтсе, әлгі аудио-жазбалары жихадқа шақыратын әндер болып шықты.

Мұны сотта бір-ақ білді. Ақтөбелік Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп айыпталғанда, көптеген газет-журнал осылай ақпар таратып еді.

«Биылғы жылы 26 азамат сотталды деп отырмыз ғой. Олардың барлығы күнделікті терроризмге, жиһадқа шақырып, түрлі сондай теріс діни сипаттағы материалдарды жариялап отырған», - дейді ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары Нұрділдә Ораз.

Яғни ешкімді абайсызда, білместіктен бөліскені үшін абақтыға жаппаған. Кінәсі болғасын жазасы кесіліп тұр ғой. Жә, маған бұл тақырыптың қатысы жоқ деп еркінсуге әлі ерте. Тәртіп сақшылары желіде отырғанда абайлауға, лайктарға сәл сараңдау болуға шақырады.

Ұнайдыны басар алдын ойланыңыз. Бұл қандай адам, мынау әні, видеосы не жайында. Көз жеткізген соң ғана бөліссеңіз мархабат. Әйтпесе Қылмыстық кодекстің 256 бабы бар. Терроризмді насихаттағаныңызға титтей дәлел табылса, жеті жылға жейін абақты арқалап кетуіңіз мүмкін.

«Террористік немесе экстремистік сипаттағы материалдар болса, оларға өте мұқият болып, басқаларға таратпауды, абай болуды сұраймыз. Жеке мессенджерлер, ватсап арқылы, телекоммуникациялық желілер арқылы заңға қайшы материалдар болса, басқа азаматтарға таратпауға тырысу керек», - дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Азамат Қабдешов.

Интернет сайттың тілшісі болғандықтан, Абзал көп уақытын әлеуметтік желіге жұмсайды. Жазған материалын жарнамалайды, одан қалды қызықты деген деректерімен бөлісіп тұрады. Бірақ мүлде жоламайтын тақырыптары да бар.

«Мүмкіндігінше, діни тақырыпта блог жазбауға, жарияламауға тырысамын. Себебі бізді үлгі тұтып жүргендер бар, біз егер дұрыс емес нәрсені жариялап қоятын болсақ, олар иланып, сеніп қалуы мүмкін. Сосын соны өмірлік ұстанымы ретінде алып қалуы да мүмкін», - дейді ол.

Жеке парақша. Көбіміз ол жерге не жазсам да, не жарияласам да ерік өзімде дейміз. Бірақ парақша жеке деп аталғанымен, онда жазған әрбір сөзіміз миллиондарға жол тартады. Олай болса, нені жарияладың екен соның насихатшысы болып саналасың.

kaznews.kaztrk.kz

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп бес жылға сотталып кетті. Әңгіме 18 жастағы жігіт жайлы болғанымен, келесі тақырып бәріне қатысты. Себебі барлығымыз әлеуметтік желіге тіркелгенбіз. Сарапшылар фейсбук, ВКонтакте секілді сайттарда ән, сурет жүктерде абай болуды ескертеді.

Әуезі әдемі. Ұнады. Кейін, тағы бір тыңдармын деп, «Вконтакте»-дегі парағына көшіріп алды. Сосын басы бәлеге қалды. Сөйтсе, әлгі аудио-жазбалары жихадқа шақыратын әндер болып шықты.

Мұны сотта бір-ақ білді. Ақтөбелік Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп айыпталғанда, көптеген газет-журнал осылай ақпар таратып еді.

«Биылғы жылы 26 азамат сотталды деп отырмыз ғой. Олардың барлығы күнделікті терроризмге, жиһадқа шақырып, түрлі сондай теріс діни сипаттағы материалдарды жариялап отырған», – дейді ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары Нұрділдә Ораз.

Яғни ешкімді абайсызда, білместіктен бөліскені үшін абақтыға жаппаған. Кінәсі болғасын жазасы кесіліп тұр ғой. Жә, маған бұл тақырыптың қатысы жоқ деп еркінсуге әлі ерте. Тәртіп сақшылары желіде отырғанда абайлауға, лайктарға сәл сараңдау болуға шақырады.

Ұнайдыны басар алдын ойланыңыз. Бұл қандай адам, мынау әні, видеосы не жайында. Көз жеткізген соң ғана бөліссеңіз мархабат. Әйтпесе Қылмыстық кодекстің 256 бабы бар. Терроризмді насихаттағаныңызға титтей дәлел табылса, жеті жылға жейін абақты арқалап кетуіңіз мүмкін.

«Террористік немесе экстремистік сипаттағы материалдар болса, оларға өте мұқият болып, басқаларға таратпауды, абай болуды сұраймыз. Жеке мессенджерлер, ватсап арқылы, телекоммуникациялық желілер арқылы заңға қайшы материалдар болса, басқа азаматтарға таратпауға тырысу керек», – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Азамат Қабдешов.

Интернет сайттың тілшісі болғандықтан, Абзал көп уақытын әлеуметтік желіге жұмсайды. Жазған материалын жарнамалайды, одан қалды қызықты деген деректерімен бөлісіп тұрады. Бірақ мүлде жоламайтын тақырыптары да бар.

«Мүмкіндігінше, діни тақырыпта блог жазбауға, жарияламауға тырысамын. Себебі бізді үлгі тұтып жүргендер бар, біз егер дұрыс емес нәрсені жариялап қоятын болсақ, олар иланып, сеніп қалуы мүмкін. Сосын соны өмірлік ұстанымы ретінде алып қалуы да мүмкін», – дейді ол.

Жеке парақша. Көбіміз ол жерге не жазсам да, не жарияласам да ерік өзімде дейміз. Бірақ парақша жеке деп аталғанымен, онда жазған әрбір сөзіміз миллиондарға жол тартады. Олай болса, нені жарияладың екен соның насихатшысы болып саналасың.

kaznews.kaztrk.kz

0
Authorization

Registration

Password generation