Тақырып: Қ.Рысқұлбеков: Қараңғыда көзге түссін көлеңкем
Мақала мәтіні:

...Бұл дүниедегі ең зор бақыт — еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні қапастағы бар ғұмырдан әлдеқанда қымбат екенін енді білгендеймін. Осы түрмедегі біздің күнімізді адам түгіл, итіне бермесін.

...Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те, кешіп өт.

...Дүниедегі ең жаман нәрсе — күдік. Бұл шаққа дейін мен тыныстаған күндер мен кешкен тіршілік онша ұзақ емес. Бірақ күрделі, аумалы-төкпелі, бұралаңы мен шырғалаңы да бірқатар... Осынау нақақтан күйген үш айдың ішінде мен шерменде, күдік дегеннің не екенін білгендей болдым. Тірі кісі үшін, әсіресе, өзін жазықсыз жазықты сезінуден жаман нәрсе жоқ.

...Дүниеде құдайдың бергені де ештеңе емес, бергенін қайтып алғаны да ештеңе емес, бірақ берейін деп тұрып бермей қойғаны жаман екен. Өлгенше өмірі есіңнен кетпейді.

...Қорқу, сескену дегеніміз қорқақтық емес, ол — жүрек тебіренісі, өзін-өзі шектеу сезімі — қорқақтық — ол қиын жерден бас сауғалай шегіну, қашқақтау, алда тұрған асыл міндеттен өз қара басын жоғары ұстау.

— Алла-ай, өзің бір сәтсіздік үшін ғана туған адам екенсін, — деп қалды досым маған сенімсіздікпен қарап. Бар болмысымен күйзеліп айтты.

Бұл не дегені? Сонда не, ол да сенбегені ме? Менің ақ екендігіме. Менің жаладан, нақақтан күйген жаралы жүрегіме де қарамағаны ма? Егілген жанымды, сезбегені ме? Егізімнің сыңарындай көретін досымның да мен туралы бар ұғымы осы болғаны ма?

...Адам махаббаты — аса жоғары адамгершілік мәдениеті. Махаббатына қарап оның қандай адам екені жайлы айна-қатесіз тұжырым жасауға болады. Өйткені біздің қоғамымыздың келешегі, оның адамгершілік негіздері үшін жауапкершіліктің ең айқын көрінісі махаббаттан басталады.

...Неғұрлым адамның рухы шырқау биік әрі берік болса, ол еш нәрсеге бой бермейді, ондай адамға өлім де бата алмайды.

...Ошақ — үйдің жүрегі,

бұлақ — ауылдың жүрегі,

Ұстадан — біз,

тұлпардан — із қалады.

Аң таппаған атынан,

Ата алмаған мылтығынан көреді.

Кішкентай ауыз үлкен сөзді де айтады,

Кішкентан оқ үлкен кемені де теседі.

Жаман — табысқа, жақсы талапқа құмар.

Сөз ең мықты оғьщ — оны босқа жүмсама.

Аягы лас төрге дейін былғайды,

Тілі лас көрге дейіи былғайды...

...Дүниедегі ең сұмдық зұлымдықты сот алдында азамат сотынан көрдім. Әділетсіздікпен сот кәрін септі, жас гүлге өлім септі, зұлымдықпен атып тұрды да, «ату жазасы» деп жас жүрекке найзаны сұқты-кетті. «Өспей жатып — өшу, жанбан жатып — сөну» деген осы да.

«Бақ түссе — маңдайымнан, тас түссе — талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр.

...Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, сендерге «кір» деп айтады ғой қайсысы болса да, я сержант, я капитан, соған беріңдер суретті, бере салсын маған, (өтінесіңдер ғой). Кездесуге келердің алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші. Скоро мейрам ғой. Қонақтар кеп қалғандай болсын, комната сәнсіз болмасын. Оны да суретпен бірге беріңдер. Болса екі тал (екі штук), ырым болсын...

Өзіме келсем, денсаулық жаман емес. Жағдай да солай. Ертеңнен кешке дейін шексіз қиялға берілемін де жатамын. Көкірегімде сол жалғыз үміт пен шексіз қиял. Жазатын қол жеткен жердің бәріне жаздым, кім біледі артының не боларын. Я сен, я мен боламыз да. Жоғарғылар ақтаса, ақтар, болмаса құдай сақтар. Басқа не істейміз, аяқтарына жығылатын мен емес. Бар шындықты жазып жібердік, қалғанын өздері білсін.

Жазымыштан озмыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем.

Беттеріңнен сүйе бердім. Сәлеммен Қайрат.

23.09.87 ж.

…Бұл дүниедегі ең зор бақыт — еркіндік екен ғой, кім білген. Адамның бостандықтағы бір күні қапастағы бар ғұмырдан әлдеқанда қымбат екенін енді білгендеймін. Осы түрмедегі біздің күнімізді адам түгіл, итіне бермесін.

…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те, кешіп өт.

…Дүниедегі ең жаман нәрсе — күдік. Бұл шаққа дейін мен тыныстаған күндер мен кешкен тіршілік онша ұзақ емес. Бірақ күрделі, аумалы-төкпелі, бұралаңы мен шырғалаңы да бірқатар… Осынау нақақтан күйген үш айдың ішінде мен шерменде, күдік дегеннің не екенін білгендей болдым. Тірі кісі үшін, әсіресе, өзін жазықсыз жазықты сезінуден жаман нәрсе жоқ.

…Дүниеде құдайдың бергені де ештеңе емес, бергенін қайтып алғаны да ештеңе емес, бірақ берейін деп тұрып бермей қойғаны жаман екен. Өлгенше өмірі есіңнен кетпейді.

…Қорқу, сескену дегеніміз қорқақтық емес, ол — жүрек тебіренісі, өзін-өзі шектеу сезімі — қорқақтық — ол қиын жерден бас сауғалай шегіну, қашқақтау, алда тұрған асыл міндеттен өз қара басын жоғары ұстау.
— Алла-ай, өзің бір сәтсіздік үшін ғана туған адам екенсін, — деп қалды досым маған сенімсіздікпен қарап. Бар болмысымен күйзеліп айтты.
Бұл не дегені? Сонда не, ол да сенбегені ме? Менің ақ екендігіме. Менің жаладан, нақақтан күйген жаралы жүрегіме де қарамағаны ма? Егілген жанымды, сезбегені ме? Егізімнің сыңарындай көретін досымның да мен туралы бар ұғымы осы болғаны ма?

…Адам махаббаты — аса жоғары адамгершілік мәдениеті. Махаббатына қарап оның қандай адам екені жайлы айна-қатесіз тұжырым жасауға болады. Өйткені біздің қоғамымыздың келешегі, оның адамгершілік негіздері үшін жауапкершіліктің ең айқын көрінісі махаббаттан басталады.

…Неғұрлым адамның рухы шырқау биік әрі берік болса, ол еш нәрсеге бой бермейді, ондай адамға өлім де бата алмайды.

…Ошақ — үйдің жүрегі,
бұлақ — ауылдың жүрегі,
Ұстадан — біз,
тұлпардан — із қалады.
Аң таппаған атынан,
Ата алмаған мылтығынан көреді.
Кішкентай ауыз үлкен сөзді де айтады,
Кішкентан оқ үлкен кемені де теседі.
Жаман — табысқа, жақсы талапқа құмар.
Сөз ең мықты оғьщ — оны босқа жүмсама.
Аягы лас төрге дейін былғайды,
Тілі лас көрге дейіи былғайды…

…Дүниедегі ең сұмдық зұлымдықты сот алдында азамат сотынан көрдім. Әділетсіздікпен сот кәрін септі, жас гүлге өлім септі, зұлымдықпен атып тұрды да, «ату жазасы» деп жас жүрекке найзаны сұқты-кетті. «Өспей жатып — өшу, жанбан жатып — сөну» деген осы да.
«Бақ түссе — маңдайымнан, тас түссе — талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр.
…Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, сендерге «кір» деп айтады ғой қайсысы болса да, я сержант, я капитан, соған беріңдер суретті, бере салсын маған, (өтінесіңдер ғой). Кездесуге келердің алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші. Скоро мейрам ғой. Қонақтар кеп қалғандай болсын, комната сәнсіз болмасын. Оны да суретпен бірге беріңдер. Болса екі тал (екі штук), ырым болсын…
Өзіме келсем, денсаулық жаман емес. Жағдай да солай. Ертеңнен кешке дейін шексіз қиялға берілемін де жатамын. Көкірегімде сол жалғыз үміт пен шексіз қиял. Жазатын қол жеткен жердің бәріне жаздым, кім біледі артының не боларын. Я сен, я мен боламыз да. Жоғарғылар ақтаса, ақтар, болмаса құдай сақтар. Басқа не істейміз, аяқтарына жығылатын мен емес. Бар шындықты жазып жібердік, қалғанын өздері білсін.
Жазымыштан озмыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем.
Беттеріңнен сүйе бердім. Сәлеммен Қайрат.
23.09.87 ж.