АҚШ-тың жаңадан тағайындалған президенті Дональд Трамп өзінің күйеу баласы Джаред Кушнерді кеңесші етпек. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Миллионер Кушнер бүгін 36 жасқа толды. Ол Таяу Шығыс елдерімен сауда-саттық мәселесімен айналысады. Ал Кушнердің жары, Дональдтың қызы Иванка Трамп Ақ үйде жұмыс істемейді. Ол өзінің әкесінің компаниясында басқарушы қызметтердің бірінде болмақ. Сондай-ақ, үш баласының тәрбиесімен айналысады.
Ал Кушнер өзінің Kushner Companies басшылығындағы қызметінен кетпек.
Джаред Кушнер – америкалық бизнесмен. New York Observer компаниясының иесі. Америкалық девелопер Чарльз Кушнердің ұлы. Ертең Трамп баспасөз мәжілісін өткізіп, елдегі басқарушы тетіктерге кімдердің келетінін айтады деп күтілуде.