Мәскеуде «Ресей және әлем: жаңа талғам» атты Ресей экономикасы тұрақты дамуының тың жолдары және басқа да мәселелері төңірегінде өтіп жатқан «Гайдар форумы» мәресіне жетті. (CNFIN.COM\XINHUA08.COM)
Аталған форум Ресей экономикасының дамуының тың жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген. Үш күнге жалғасқан талқы-кеңес Ресей экономикасына серпін беру және басқа да сауда-эконлмикалық мәселелерді талқылауды мақсат етті.
Ресей премьері Д. Медьведевтің форумда сөйленген сөзінде: «реформалық даму жоспарын реформалау Ресейдің алдағы 15 жылы үшін аса маңызды. Ресей экономикасының жедел дамуы мен кемелденуіне ақша-кредит бағдарламалары мен салық-бюжеттік бағдарламаларға сүйену тым жеткіліксіз. Біз салық жүйесін реттеп, озық цифрлы экономика құруымыз керек. Экономикалық құрлымды дамытып, шаруашылық істеріне мемлекеттің араласуын азайтуымыз керек», – деді.
Ресей премьер-министрінің бірінші орынбасары Игорь Шувалов талқыда, В.Путинның 2019 жылға дейін Ресей экономикасының өсімі әлемдік орташа деңгейден асуы керек деген тапсырмасын айта келіп, бұл міндетті орындау үшін Ресей үкіметі наурыз айынан бастап кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асырады, оның ішінде мемлекет құрлымын реформалау да қамтылатындығын айтты. Бұл жоспар көлеміне жекешелендіру процесін жетелдету, инвестиция тарту және 330 мың орта-шағын бизнесті жебеу сынды жоспарлар енеді. 2018 жылы шикізат экспортын 15 пайызға дейін өсіруді жоспарлап отыр.
Форумға қатысушылар бір ауыздан биылғы жылы Ресей эконмомикасының дамуы қарқын алмайды деп отыр. Себебі, еуропалық санкция жалғасын табуы мүмкін. Ресей экономикалық даму министрінің айтуынша, бұл жылы Ресейдегі жұмыссыздар санының өсуі біршама аз болады. Нақты табыс табу жеделдей бастайды. Экономикалық өсім жылдың бастапқы жартысында 1 пайыз, кейінгі жартысында 2 пайыз болуы мүмкін деп отыр.
Бірақ, екі жылдан бері құлдырап келе жатқан Ресей экономикасында қордаланған мәселелер аз емес. Зейнетақы қорындағы және зейнетақы жасының ұзартылуы сынды мәселелр әлі де шешім жасауды күтіп тұр. Ресей премье-министрінің әлеуметтік істерге жауапты орынбасары Голо Герцтың айтуынша, екі жылдан бері елі ішінде жұмыспен қамтудың төмендеуінен, қалаға ағылған адамдар қалалар жан санын күрт арттырған. Сонымен қатар, ресейлік 1,5 миллион білікті маман жұмысқа байланысты шетелге қоныс аударған.
Ресейдің бұл форумды өткізуінің басты себебі, осындай экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын қарастыру болатын. Қазба байлықтары, табиғи ресурстарының молдығына қарамай, Батыс елдерінің санкциясынан кейін Ресей экономикасы осыншалық құлдырауға ұшырап отыр. Ресей жақ бұл тығырықтан шығуды өзіне жасалған санкцияны жеңілдету жолдарынан емес, қайта экономиканың өзінен қарастырып отырғаны қаншалықты өнімді болатынын алдағы уақыт көрсетеді.
“The Qazaq Times”