Сейсенбі, Тамыз 7, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > АСПАН АСТЫ ЕЛІН МОЙЫНДАТҚАН ДИМАШҚА ЖАС АҚЫНДАР ЖЫР АРНАУДА

АСПАН АСТЫ ЕЛІН МОЙЫНДАТҚАН ДИМАШҚА ЖАС АҚЫНДАР ЖЫР АРНАУДА

Димаш Құдайбергенге

Болғасын көпке өнеге өзі жастан,
Артынан талай мақтау сөз ұласқан.
Алаштың арынымен “әу” дегенде,
Көзі қысық халықтың көзін ашқан.

Нұр төгіліп жүзінен, жанарынан,
Күй төгіліп қос ішек шанағынан,
Аспан асты елінде шарықтап жүр,
Қазақы ен салынған бала қыран.

Болмаса да тоқтаған жасы күйлі,
Дөңгелетті алдына кәсіп игі,
Бір-ақ әуен айтып ед(і), о ғаламат,
Миллиард деген қытай да басын иді.

Сен Аллаға аманат. Ұш, қыраным!
Еткейсің бойыңдағы күшті мәлім
Бүкіл әлем сен әр ән айтқан сайын,
Мойындасын ұлы елдің ұшқыр әнін.

Көңілі жүр халқыңның босап, еріп,
Сені талай алдыңнан тосады ерік.
Таңдайыңа берсінші Алла қуат,
Маңдайыңа бағыңды қоса беріп!
 

Саян Ислам

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation